8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2025 1913 0
Қалалықтар қаперіне

«Халық қатысатын бюджет»

Қазанның 31 – күні облыстық халық шығармашылығының үлкен залында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының тұрғындарымен кездескен жиында Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов баяндама жасап, қоғамдық көлік қызметін жақсарту – қала үшін маңызды бағыттардың бірі. Соңғы төрт жыл ішінде қалалық тасымалдаушыларға 6,7 млрд теңгеге жалпы 155 жаңа автобус сатып алынды. Бұл жұмыстың нәтижесінде қоғамдық көлік құрамының тозуы 32 пайыздан 22 пайызға дейін азайды. Ағымдағы жылы тасымалдаушы компанияларға 5,2 млрд теңге көлемінде субсидия бөлініп, тасымалдаушылар өз қаражатына 2,1 млрд теңгеге 35 жаңа автобус сатып алды. Осындай нәтижелі істің аясында жылжымалы құрамның тозуы әрі қарай қысқарып, 22 пайыздан 18 пайызға дейін төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасын таба береді,- деді.
Сол секілді қаланы абаттандыру мақсатында жүзеге асырылып отырған «Халық қатысатын бюджет» жобасына тоқталып, соңғы төрт жылда осындай тәсілмен жаңа скверлер салу мен демалыс аймақтарын жөндеуге арналған 11 жоба таңдалып, толықтай жүзеге асырылғанын, «Халық қатысатын бюджет» бойынша 6 жобаның жұмыстары аяқталғанын, қала әкімдігінің ресми сайтында «Халық қатысатын бюджет» жобасына арналған жаңа ұсыныстар қабылданатынын айтып өтті.
Бұл туралы газеттің бейсенбідегі санынан толығырақ оқуға болады.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
79 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
281 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
273 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»