8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2025 937 0
Қалалықтар қаперіне

Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады

Оралда халық саны көбейген сайын жаңа мектептерді салудың өзектілігі артады. Бұл туралы таяуда тұрғындармен кездесуде айтқан Орал қаласының әкімі М. Байменов қаламызда мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік – «Келешек мектептері» жобасына нақты тоқталды. – 2024 жылдың аяғында Деркөл кентінің Сарыарқа шағын ауданынан 1 500 орындық жаңа мектеп, биыл жыл басында Зашаған кентінің «Балауса» шағын ауданынан тағы 1 500 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді. Бұл ретте Зашаған кентіндегі «Медколледж» ауданында 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуы жақын. 2024-2025 оқу жылында «КПО б.в.» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында №9, №11, №17 және Д.Нүрпейісова атындағы музыкалық мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Баршаға мәлім, өткен жылдың соңында жаңадан салынып жатқан «Ақжайық» шағынауданында алғашқы абилитация және оңалту орталығы ашылды. Заманауи стандарттар мен технологияларға сәйкес келетін 150 орындық орталықта түрлі бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін бөлме қарастырылған.
Жуырда тағы бір маңызды әлеуметтік нысан – Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады. Орал қаласының 10-шағын ауданында «Жайық Арена» көпфункционалды спорт кешені ашылып, көптеген спорттық шаралар өтуде. Жуырда Деркөлдегі «Орал» спорт клубының ғимараты толық жөнделіп, спорт залдың жабындысы ішінара ауыстырылды. 2025 жылы төрт спорт алаңында жасанды газон төсеу, қоршауларды жөндеу және спорттық белгілер салу жұмыстары жүргізілді,- деді өз баяндамасында қала әкімі М. Болатұлы.
Бұл туралы газеттің бейсенбідегі санынан толығырақ оқуға болады.
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
71 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
110 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
225 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
499 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
562 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
626 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
653 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
698 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
342 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
927 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
937 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
891 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»