8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Наурыз 2019 1674 0
Қоғам

Рүстем ҚАЙЫРТАЙ: «Қос аяқты шайтан мініп жүр демесін деп…»

5 наурыз күні Орал қаласында «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Осы атйыста түркістандық Бекарыс Шойбеков пен Алматы қаласы атынан шыққан Рүстем Қайыртайдың жұбы көрерменді өзіне бірден үйіріп әкетті. Бұл жұп берілген тақырыпқа орай ұтымды сөзбен ой жарыстырды. Қазіргі қоғамдағы өткір мәселелер – ана тілімізге құрмет, дәстүрлі дінді сақтау, жер мен жол секілді алуан тақырыптар әсіресе, Рүстемнің аузынан жыр шумақтары болып төгілді.  Сондай-ақ ақындар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын айтыстарына арқау етті. Бекарыстың Алматы әкімінің велосипедпен жүру туралы бастама көтеріп, тұлпар мінуге қатысты айтпағанын тілге тиек еткен шумақтарына Рүстем Қайыртайдың жауабы:

« …Басшымыз айтқан сөзді елесе деп, 

Кептелістің тасқынын бөгесе деп

Бір шетте жүрсің бе деп велосипедпен,

Жоқ аға, өйткен жоқпын егесе кеп,

Әкімім велосипедке мінбесе де

Дейсіз бе мінбейтінін неге себеп?!

Аға, оның мәнісі әрі де ғой.

Жаңа себеп емес ол, көне себеп.

Тақымың болмай-тұғын темір вип 

Су ішіп, майын құйған жемесе деп.

Содан ба екен қазекем шайтан арба

деп ат қойыпты кеңесе кеп.

Елбасы мақаласын жақсы айттыңыз,

Жылқы жайлы жазғанын көрсе екен деп.

Туристер көп келетін Алматыға 

Амалсыз мінбей жүрмін велосипед. 

Төрт аяқты атқа мінген қайран қазақ,

Қос аяқты шайтан мініп жүр демесін деп.

…Жылқы деген қазақтың жолдасы еді

Ерлермен бірге жасап келе жатқан. 

Хандарда қара қасқа тұлпар бопты

Қырық күн жем жеместен желе жортқан

Байшұбар Алпамысты жауға бермей, 

Тайбурыл Қобыландыны демеп отқан. 

Абылай Алшанбозбен ел бастаса,

Қабанбай Қубас мініп, беделі артқан 

Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай,

Сол өнерді баптаған сирек аттан.

Сұмдықтың бәрін білген Голощекин 

Жылқыларды жиып ап жерден атқан

Айырып азаматты қазанаттан

Жазықсыз жұртты сонда жазалатқан», – деп тарихты қозғады.

ОРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

ОРАЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
243 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
335 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
336 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
380 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
395 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
763 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
890 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
924 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1198 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1207 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1337 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1635 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1733 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1758 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1967 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2242 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»