ОРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ
Оралда «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы басталды. Өнер аламаны БҚО әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Оған 20 ақын қатысуда. Жыр бәйгесін қатысушыларға сәттілік тілеп, облыс әкімі Алтай Көлгінов ашты.

– Ғасырдан ғасырға жетіп, үзілмей келе жатқан өнер – айтыс. Осы ұлттық өнерімізді көктем мерекесімен тұспа-тұс Ақ Жайық жерінде өткізуді ұйғардық. Біріншіден, санаулы күндерден кейін аналарымыздың, қыз-келіншектердің мерекесі. Бұл өңір М.Мәметова, Х.Доспанова, Х.Бөкеева, Д.Нұрпейісова сынды артында өшпейтін із қалдырған жандарды дүниеге әкелген жер. Сондықтан мұны ерекше атап өтуіміз керек. Сондай-ақ санаулы күндерден кейін жаңа жылымыз – «Наурыз» келеді. Әсіресе, осы батыс өңірі 14 наурыз «Көрісу күнінен» бастап Наурыз мерекесін тойлауды бастайды. Ендеше, «Наурыз мейрамы» да құтты болсын. Жұбан ақынның сөзімен айтсақ, біз «мың өліп, мың тірілген қазақпыз» ғой. Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде көпұлтты халықтың бірлігінің арқасында татулығымызды сақтап келеміз. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған бағдарламалар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталды. Бұл да халықтың бірлігі үшін. Бірлік бар жерде тірлік бар. Айтыс та болады. Оның барлығы Тәуелсіздіктің арқасы. Ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздік. Айтыс өнерін бізге үлкен буын жеткізді. Кейінгі ұрпақ осы өнерді жалғастыруы керек. Ұлттық өнеріміз асқақтай берсін. Бірлігіміз жарасқан ел болайық. Ұлттық қазына-байлығымызды сақтау сіз бен бізге байланысты, – деген Алтай Сейдірұлы айтыскерлерге шабыт тілеп, жыр бәйгесін қолдауға облыс әкімдігі әркез дайын екенін жеткізді.


Айтыс аламанын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты, ақын Жүрсін Ерман жүргізуде. Сөз тарландарына қойылған басты талап – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, «Жастар жылы» аясындағы жарқын болашақты жырлау. Ал олардың тақырыпқа орай құраған ұтымды ұйқас пен мәнді тіркестерін Несіпбек Айтұлы төрағалығымен құрылған қазылар құрамы бағалайды.
Алғашқы сөз жарысын батысқазақстандық Орынбек Меңдіқұлов пен атыраулық ақын Амангелді Панабердиев бастады. Бұдан әрі есімі Алаш жұртына мәшһүр айтыскер түркістандық Бекарыс Шойбеков пен Алматы қаласы атынан шыққан Рүстем Қайыртайдың жұбы іліп әкетті. Үшінші жұп ретінде Шымкенттен келген Біржан Байтуов пен алматылық Хазірет Бердіхан шақырылды.

Атап өту керек, республикалық деңгейдегі айтыс Батыс Қазақстан облысында арада үш жыл өткенде ұйымдастырылып отыр. Жыр сайысы бүгін қорытындыланады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу