Бекарыс ШОЙБЕКОВ: «Алты Алаш атқа мініп жатқан кезде Алматы велосипедпен дөңгелейді»
5 наурыз күні Орал қаласында «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Бұл айтыста Алашқа есімі мәшһүр түркістандық Бекарыс Шойбеков Алматы қаласы атынан шыққан Рүстем Қайыртаймен айтысты. Қазіргі қоғамдағы өткір мәселелерді қозғағаған ақындар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын айтыстарына арқау етті. Қарсыласына қарата Бекарыс ақын:

«Жеті қырдың ішінде Елбасымыз
Атқа міну өнерін белгілейді.
Алматының әкімі керісінше,
Тұлпар жайлы көсіліп сөйлемейді.
Кептелістен шығудың бір амалы –
Велосипедпен жүрейік деп сөйлейді.
Алты Алаш атқа мініп жатқан кезде
Алматы велосипедпен дөңгелейді.
Екеуі де жақсы ғой мінем десе,
Себебі екеуі де май жемейді.
…Алтын домбыра айтысы
ертеде өткен,
Астанадай арайлы өлкеде өткен
Ақындар мініп алып арғымаққа.
Екі-үш күндік өмірін көркем еткен.
Бар ақынның тұлпар мініп жүргендігін,
Төбесінен көрсетті вертолетпен.
Жансая ақ түйеге мініп алып,
Батыстың абыройын еңселі еткен
Жүкең де Байшұбарға мініп алып,
Алпамыс жырын оқып, еңселі еткен.
Бірақ, сенің қараңды көре алмадық,
Ақын едің ел-жұрты еркелеткен
Жоқ әлде шапаның мен шалбарыңды
Атқа міну жағына өлшемеп пе ең,
Айтпақшы, Алматыда заң басқа ғой
Әкімнің тапсырмасы осылай деп –
Бір шетте жүрдің бе әлде велосипедпен?», – деп ой қозғады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу