8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қараша 2021 1581 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2016 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

4 ақпан. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі ашылды. Жаңа әкімшілік ғимаратта этномәдени бірлестіктердің 17 кабинеті, БҚО ҚХА жастар қанаты кабинеттері, ардагерлер Кеңесінің кабинеттері орналасты. Ғимарат 3 қабатты, 150 орындық концерт залы, 80 орындық конференц залы (26 орын-дөңгелек үстелде), сонымен қатар медиация кабинеті азаматтарды қабылдауға дайын. Бұдан басқа Қазақстан халқы Ассамблеясының Үйінде 2 дайындық кабинеті және 2 хореография залы, 3 тілдер (мемлекеттік тіл, ағылшын және туған тілді оқыту) кабинеті, киім бөлмесі, грим жасау бөлмесі қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ететін «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кабинеттері орналасқан. Жаңа ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандарға да бар мүмкіндіктер жасалған (пандустар, көтергіштер), сондай-ақ қазіргі кездегі жабдықтармен жабдықталған дыбыс режиссерінің кабинеті, дыбыс жазу студиясы, жарық беру бөлмесі де бар.

 Қаңтар. «Дианаплюс» ЖШС иелігіндегі  «Алем Плаза» «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттен қолдау алып, халыққа қызмет көрсетіп отырған сауда үйі. Сауда үйі  ғимараты витражды әйнекпен әрленген. Ішкі әрлеу жұмыстарына замануи технологиялар пайдаланылған. Сауда орталығында  әлемдік бренд өнімдерін ұсынатын бірнеше сауда дүкендері біріктірілген.

 1 маусым. Жылу электр орталығы ауданында «Айлин» жеке балабақшасы ашылды. Екі қабатты балабақша 110  орынға есептелген.

12 шілде. Жайықтың жүрегіндегі азамат – соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев тұрған үйге  ескерткіш тақта қойылды.

 5-21 тамыз. Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындары өтті. Осы олимпиадаға қатысқан оралдық спортшы Е.Ларионова әйелдер күресінен 63 келі салмақта қола жүлдені иеленді. Ол жарысқа 18 тамыз күні шықты.

27  тамыз. Орал қалалық №2 сот жаңа ғимаратқа  көшті. Жаңа төрт қабатты нысан 5 шағынауданнан салынды. Ғимарат құрылысын «Жиенбай» ЖШС жүргізген. Аумағы – 7,5 шаршы метр.

7 қыркүйек. Ел Тәуелсіздігінің 25  жылдығы аясында  және Қала күніне орай Зашаған кентіндегі Көктем шағынауданында бес қабатты 90 пәтерлік қос тұрғын үй пайдалануға берілді. Екі тұрғын үй де «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы және  «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында салынды. Құрылысты «Алтим» және «СВ-плюс» ЖШС жүргізген.

7 қыркүйек. Астана шағынауданындағы 4-ші үйдің ауласында спорт алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңын салуға қала бюджетінен 7,5  млн. теңге жұмсалған. Құрылысты «Жайық Сити» жүргізді.

9 Қыркүйек. Жайық өзені жағалауындағы саябақта «Бекіре» ескерткіші орнатылды. Айналасы субұрқақпен көмкелірген нысан – Орал қаласның символы іспетті. Нысанның авторы – оралдық мүсінші Димтрий Баймұқашев, субұрқақ – Сүйеуғали Сағыновтың еңбегі.

1-2 қазан. Тәуелсіздіктің 25 жылдыымен тұспа-тұс келген мемлекелкет және қоғам қайраткері М.Ықсановтың  90  жылдығы аталып өтті. Облыстық мәслихат ғимаратында Мұстақым Ықсановқа арналған мемориалдық тақта ашылды. Облыстық қазақ драма театрында «Ұрпақ ұлыларды ұмытпайды» конференциясы өтіп, «Ұлы тұлға» және «Ғасырдың асылы» кітаптарының тұсауы кесілді.

 22 қазан.  Қалалық мәдениет және демалыс саябағында Шаған өзенінің оң  жағалауында велосипед жолы ашылды. Пайдалануға берілген велосипед жолынының ұзындығы – 2,7 шақырым. Оның 400 метрі – балаларға арналған шағын айналым жолы. Жаңа орында асфальт-бетонмен жабылған 800 метр қашықтықты қамтитын автокөлік жолы да бар. Шағанның оң жағалауын игеруге арналған жобаның негізінде «KPO b.v» қаржыландырған. 214 млн теңге жұмсалды. Жол құрылысын жүргізген «Марасант» ЖШС.

21 қазан. Оралда күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаға арналған ескерткіш ашылды. Қоладан құйылған ескерткштің биіктігі – 5,7  метр.  Авторы – қазақстандық белгілі мүсінші  Мұрат Мансұров. Ескерткіш Ж.Молдағалиев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысына орнатылған болатын. 2018 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғимараты алдына көшірілді.

 24 қараша.  Галактика кинотеатрында «28 Панфиловшылар» фильмінің алғашқы көрсетілімі ұсынылды. «28 Панфиловшылар» – 1941 жылдың қарашасында Волокаламск тас жолында неміс әскеріне төтеп берген Панфилов дивизясының атқыштар ротасы жауынгерлернің жасаған ерлігі  турыла түсірілген фильм. Фильмнің Қазақстандағы көрсетілімін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жүзеге асырып, ҚР мәдениет және  спорт министрлігі мен Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі бірігіп дайындаған. Қоюшы режиссерлері – Ким Дружинин мен Андрей Шальопа.

1 желтоқсан. Зашаған кентінде 180 пәтерлі тоғызқабатты үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына республикалық және  жергілікті бюджет есебінен 1 297 241,97 мың теңге  қаржы бағытталған. Құрылысты «Болашақ-Т» ЖШС жүргізген. Жаңа тұрғын үйден 13 Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен қатысушысына теңестірілгендер пәтер алды.

6 желтоқсан. Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Астанада өткен Индустрияландыру күні аясындағы жалпыұлттық телекөпір барысында Оралда қара уылдырық пен тауарлы бекіре балығын өндіретін аквамәдени кешені іске қосылды. Аквамәдениеттер тәжірибелік-өнеркәсіптік оқу ғылыми кешені» ЖШС жылына 10 тонна қара уылдырық, 131 тонна бекіре етін шығаруға  қауқарлы. Бұл еліміздегі ғылыми-технологиялық аквамәдени кешені өнеркәсібінде  тұйықталған сумен қамтамасыз ету арқылы қара уылдырық пен бекіре  өндіретін алғашқы өндіріс. Тәжірибелік өнеркәсіптік кешенде толықтай технологиялық құрал-жабдықтармен, бекіре уылдырығын қабылдап өңдейтін құрылғымен қамтамасыз етілген өндіріс орны, инкубациялық және балық өсіретін учаске бар. Тұйықталған су қоймаларындағы құрылғылар жылдың төрт мезгілінде балықтың салмағы мен оның жетілуіне  қажетті  климатты қамтамасыз етпек. Мұндай жағдайда бекіренің  жетілу уақыты және уылдырық шашуға дайындығы 5-7 жылда жемісін береді.

13 желтоқсан. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 7-ші шағынауданда Оқушылар және жастар сарайы ашылды. Сән салтанаты келіскен сарайда ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы данияр Д.Елеусінов атындағы бокс орталығының тұсауы кесілді. Елбасы тапсырмасымен салынған Оқушылар сарайын «KPO b.v» қаржыландырған. Жоба құны – 2,8 млрд. теңге. Құрылыс мердігері  – «Альтаир» ЖШС. Төрт қабатты. Жалпы аумағы 16,2 шаршы метр. Чемпионның есімімен аталған орталықтың аумағы 1200 шаршы метр.

12 желтоқсан. Зашаған кенті Мөңкеұлы көшесі107/1 мекенжайында тоғыз қабатты үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған үйге 1,1 млрд. теңге бөлінген. Аумғы 10 мың шаршы метр. Құрылысты «СВ плюс» жүргізді. Пәтерлердің 69-ы – кезекте тұрғандарға берілсе, 75-ін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары иеленді.

16 желтоқсан. 5 шағынауданда 72 пәтерлі тұрғын пайдалануға берілді. Тоғыз қабатты үйдің жалпы аумағы  7436,8 шаршы метр. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы және  «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында салынған үйдің 50-ге жуық пәтерін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары болып табылатын прокуратуры қызметкерлері алды. Құрылысты  жүргізген «Альтаир» ЖШС.

 24 желтоқсан. Оралда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 300 төсектік қалалық көпбейінді аурухана пайдалануға берілді. Ғимарат құрылысына барлығы 8,3 млрд. теңге қаралса, соның 3 млрд. теңгесі еуропалық және қазақстандық медициналық құрал-жабдықтарды алуға жұмсалды. Ауруханада нейро-инсульт орталығы, жалпытерапиялық, травматологиялық, гинекологиялық, әйелдер босанатын және басқа бөлімшелер жұмыс жасамақ. «Болашақ-Т» ЖШС салған ғимараттың жалпы алаңы – 54 мың шаршы метр. Бір-бірімен жалғасқан бес корпусы бар, барлық заманауи керек-жарақтармен қамтылған ауруханада 140-тан астам дәрігер, 300-дей орта буын маманы еңбек етпек.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
78 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
147 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
380 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
862 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1240 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1143 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1599 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2215 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2380 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2387 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2438 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2443 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2058 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2922 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2976 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2970 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3583 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3551 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3542 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3518 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»