8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Сәуір 2026 23 0
Ауыл - ел тірегі

«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды

23 сәуір күні Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында облыстық форум аясында арнайы көрме өтті. Алаңда Орал қаласы мен облысқа қарасты аудандардың киіз үйлері тігіліп, әр өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдері, ұлттық тағамдары, қолөнер бұйымдары мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің басты мақсаты – ауыл еңбеккерлерінің еңбегін дәріптеу, жергілікті өнім өндірушілерге қолдау көрсету және ауыл кәсіпкерлігінің әлеуетін таныстыру. Әр аудан өзіне тән өнімдері мен жетістіктерін көрсетіп, ұлттық дәстүр мен заманауи кәсіпкерліктің үйлесімін паш етті.

Сондай-ақ көрмеде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қолдау алып, бүгінде кәсібін дамытып отырған ауыл тұрғындарының өнімдері де қойылды. Бұл бағдарлама ауылдағы шағын кәсіптің өркендеуіне, тұрғындардың табысын арттыруға және жергілікті өнімге деген сұранысты күшейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев көрмеге қойылған жобалармен және өнімдермен танысып, ауыл кәсіпкерлерінің еңбегіне оң бағасын берді.

Көрме ауылдың бүгінгі тынысын, еңбек адамдарының ізденісін және ұлттық құндылықтарға деген құрметті айқын көрсетті. Осындай бастамалар ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға серпін береді.

Жайық үні

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
429 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
145 0
Заң және тәртіп
«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»
21 Сәуір 2026
147 0
Құттықтаймыз!
Ел мерейін үстеген қос азамат
21 Сәуір 2026
200 0
Мәслихат жаршысы
Мәслихат сессиясында өзекті мәселелер қаралды
17 Сәуір 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»