8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2026 65 0
Өңір жаңалықтары

Оралда «Достық» фестивалі өтті

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өңірде «Достық» фестивалі өтті.

Аталмыш шара қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға, этносаралық достықты дәріптеуге және бірлік пен ынтымақ құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі. Қазақ жері сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналды»,- деп атап өткен еді. Бұл сөздер еліміздегі бүгінгі тұрақтылық пен өзара сыйластықтың маңызын айқындай түседі.

Фестиваль аясында қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарлама ұсынылып, этномәдени бірлестіктердің өнері мен ұлттық дәстүрлері дәріптелді. Шара көпшілікке ел бірлігі мен достықтың қадірін тағы бір мәрте сезіндірді.

Салтанатты шара соңында этносаралық татулық пен бірлікті нығайту жолындағы кәсіби шеберлігі, шығармашылық ізденісі және ұжымды ұйымдастырудағы қажырлы еңбегі үшін бірқатар жетекшілер Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Қадралиевтің Алғыс хатымен марапатталды.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
65 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
266 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
604 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»