8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қараша 2020 1950 0
Спорт

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІ

Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жерлесіміз Даниял Сәбит 49 келіде  ел чемпионы атанды. Ол финалдық сында бес дүркін ел чемпионы атанған Теміртас Жүсіповпен қолғап түйістіріп, тәжірибелі боксшыны ұтып кетті. 

Ақмола облысының өкілі Теміртас Жүсіпов – 32  жаста. Ал Даниял Сәбит 18 жаста ғана. Әрі  финалға шыққан спортшылардың ең жасы екенін атап өту керек. Үш раундтық бәсекеде төрешілердің бірауыздан шешімімен Даниял Сәбит Қазақстан чемпионы атанды.

«Қазақстан чемпионаты басталғанша жастар арасындағы оқу-жаттығу жиындарына қатыстым. Ең негізгі мақсатым – біріншілікте жүлдеге ілігу болатын. Чемпион боламын деп ойлаған жоқпын. Қуанышқа қарай, ақтық сында өте тәжірибелі спортшы Теміртас Жүсіповті жеңіп кеттім. Қуанышымда шек жоқ. Бапкерлердің нұсқауын орындау арқылы ұттым деп ойлаймын. Өйткені, қарсыласым қарымды әрі жасы да үлкен. Ара қашықтықты жақсы сезінеді. Бала кезімде өзімнің кумирім болған боксшы. Сондықтан, қазіргі сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. Осы орайда, маған қолдау білдірген барша жанкүйерге, тума-туыстарыма және осы жарысқа жетелеп әкелген бапкерлеріме ерекше алғыс айтамын», – деген екен olympic.kz сайтына ересектер арасындағы алғашқы жеңісіне қатысты сұхбат берген Даниял Сәбит.

Даниял Сәбит – Ақжайық ауданы Алғабас ауылының тумасы. Орал қаласында оқыған. 2018 жылдан бері Орал қаласы Оқушылар сарайындағы Д.Елеусінов атындағы бокс орталығында жаттығып жүр. Жаттықтырушысы –  Бокстан БҚО бойынша аға жаттықтырушы Саттар Сұлтанғалиев.  Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтап, спорттағы жеңісті жолының жалғаса беруін тілейміз.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар ұсынысы – жаңа жобаның негізі
18 Тамыз 2026
73 0
Қалалықтар қаперіне
Орал көшелеріндегі жол белгілері жаңартылуда
18 Тамыз 2026
77 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда жылыту маусымына дайындық күшейтілді
18 Тамыз 2026
69 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз!
18 Тамыз 2026
68 0
Қалалықтар қаперіне
Қала келбетін көркейтуге жаңа қадам
18 Тамыз 2026
67 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс нысандары бақылауда
17 Тамыз 2026
102 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
16 Тамыз 2026
135 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
170 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
204 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»