8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Наурыз 2022 1943 0
Қоғам

Украина аумағында 36 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ ҚАЛДЫ

 Украина аумағында жүк көлігімен алысқа қатынайтын 36 қазақстандық көлік жүргізуші қалды, 19-ы елден шығып кетті. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
Ұлттық палата Украинадағы жағдайдың салдарынан сол елде қалып қойған көлік жүргізушілерінен мәлімет жинады. Осы уақытқа дейін 55 жүргізуші көмек сұрап хабарласты. Соның 19-ына көмек көрсетілді.
Үшеуі Польша шекарасынан өтсе, 8 жүргізуші Троебортное өткізу бекеті арқылы Ресей аумағына жетті. Тағы 8 жүк көлігі Молдавияға өтті, соның ішінде 4 жүргізуші – Түркия азаматы. Олар Украина және Молдавия шекарасы арасындағы бейтарап аймақта тұр.
«Қазіргі кезде қазақстандық тарап Польшаның инфрақұрылым және даму министрлігінен ресми хат алды. Бізге ресми жауап берілді және отандастарымыз – жүк көліктерінің жүргізушілеріне ПТР-тест, визасыз шекарадан өтуге мүмкіндік берілді. Қалған отандастарымыз да Польша және басқа елдер арқылы елге аман-есен оралуы үшін бұл жұмысты жалғастырамыз», – деді «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Амрин.
Ұлттық палата Украинадағы жағдайға байланысты жедел чат ашып, онда жүргізушілер 24/7 режимде өзінің орналасқан жері, жергілікті жағдай және ықтимал маршруттар туралы ақпарат беріп жатыр.
Қазіргі кезде 36 көлік жүргізуші Украина аумағында қалып отыр.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
33 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
127 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
196 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
235 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»