Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев жетекшілік еткен батысқазақстандық ресми және іскерлік делегация Қытайға жұмыс сапарымен барды. Оның аясында облыс әкімі Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті. Іс-шараның өтуіне Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі қолдау көрсетті.
Халық саны 40 миллионнан асатын Ляонин провинциясы – мұнай-газ саласында тәжірибесі мол, өнеркәсіптік әлеуеті жоғары өңір. Бұл салалар Батыс Қазақстан облысы үшін де ерекше маңызға ие. Аграрлық секторды дамытудағы қолайлы мүмкіндіктер жағынан да қос өлкенің ұқсастығы көп. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының «алтын 30 жылдығы» аясында өңіраралық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Облыс әкімі екі ел көшбасшыларының басшылығымен Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік сапалық тұрғыдан нығайып келе жатқанын атап өтті.
– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен біз өңірдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартып, қызығушылық танытқан компанияларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып отырмыз. Қытайлық инвесторлармен бірлесіп, сұйық метанол, цемент зауыттары, газ турбиналы және жел электр стансаларын салу және өзге де маңызды жобаларды іске асырып жатырмыз. Жұмыс орындарын ашам, өндірісті дамытам деген инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақ бар, – деді Нариман Төреғалиев.
Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэй де өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.
– ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин екі ел бір-біріне сенім артатын стратегиялық серіктестер екенін үнемі атап өтеді. Кейінгі жылдары Ляонин өлкесі мен Қазақстан арасындағы байланыс беки түсті. Былтыр екіжақты сауда айналымы 2,7 миллиард юаньға жетті. Сіздердің Халықаралық бауырлас қалалар форумына келулеріңіз ортақ мақсат жолындағы шынайы ықыласты білдіреді, – деді Ван Синьвэй.
Қытайлық тарап достық байланыс, өндірістік ынтымақтастықты тереңдетуден бөлек, Қытай мен Қазақстан мәдениетінің жылы аясында мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге де мүдделілік танытты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер түсіндірілді
Тыйым салынған заттарды өз еркіңмен тапсыр – қауіпсіз болашаққа қадам бас
Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр
Оралда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдікті қолға түсті
Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ МЕН OPENAI СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА ЕНГІЗІЛМЕК
Сарбаз – NOMAD клубының өкілі және қазақы тазы тұқымының жарқын өкілдерінің бірі

Кіру



