8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2020 1450 0
Жалын

NIS КЕСТЕСІНДЕ – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері бір мезгілде орындалды. Бұл туралы Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші желтоқсанға Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де ауқымды бағдарлама жоспарланған.

Ұлт көшбасшысы бастамаларының бірі –  ел астанасын орталыққа көшіру. Оқушылар бұл туралы не біледі? Неліктен бұл қала армандар қаласы аталады? 7-8 сынып оқушылары осы сауалдардың жауабын «Нұр-Сұлтан қаласына виртуалды экскурсиядан» білді. Оқушылар елорданың жаңа келбеті туралы әңгімеледі. Сонымен қатар астаналық зияткер тікелей эфир арқылы Бейбітшілік және келісім сарайы бойынша экскурсия жасады.

Шаңырақ көшбасшыларының форумында  оқушылар елдің басты бағдарламасы –«Рухани жағыру» және болашақ қазақстандық қандай болуы керегін талқылады. NIS Talks шарасында спикерлер мен өңірдің басқа мектептерінен шақырылған оқушылар онлайн режимде білім беру жүйесі, бейбітшілік,  Елбасының бітімгерлік  бастамалары туралы ой бөлісті. Сондай-ақ «Елбасы медалі» медаліне қатысушылардың баспасөз мәслихаты түрінде куратор сағаттары өтті.

Айта кетейік, барлық Зияткерлік мектепте «Бүгінгі шаңырақ көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары» көшбасшылар форумы мен «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциялары, «Қазақстандық жол. Н.Назарбаев» виртуалды экскурсиялар мен «Ел тірегі – Елбасы» кітап көрмелері, «Елбасының қолтаңбасы» эссе және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, «Елімнің бағы – Елбасы» атты концерттер мен өзге де шаралар жоспарланған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
112 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
168 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
234 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
266 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
311 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»