МИНИСТР: «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ҮМІТКЕР ТҮЛЕКТЕРГЕ ТАЛАПТЫ КҮШЕЙТЕМІЗ
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсы енгізілетінін айтты.
«Академиялық біліммен бірге оқушыларға өмірлік маңызы зор дағдыларды игертуге бағытталған «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсы ұсынылатын болады. Президентіміз техникалық бағыттағы мамандықтарды дамыту бойынша тапсырма берді. Оны орындау үшін математикалық білімнің сапасын арттыру қажет. Ол үшін оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдарды, оқулықтарды жаңартамыз, математиканы топтарға бөліп оқытуды қолға аламыз. Балаларды еңбекке дайындау үшін ерте кәсіптік бағдарлауға баса назар аударылады, тиісті бағдарламаны өзгертіп, оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін жаңғыртамыз», – деді Асхат Аймағамбетов. Сонымен бірге, ол орта білім берудің сапасын бағалау үшін қорытынды аттестаттау және бақылау қағидалары жетілдірілетінін айтты. «Алтын белгіге» үміткерлерге қойылатын талаптар да күшейтіледі. Биылдан бастап білім беру сапасына сырттай бағалау толығымен еңгізіледі. Мемлекеттік аттестаттау рәсімі қайтарылып, профилактикалық бақылау түрінде балабақша, мектеп, колледж деңгейлері үшін өткізіледі. Заңға қажетті өзгерістер еңгізілді», – деді министр.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті

Кіру
Пікір үстеу