8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қаңтар 2022 2247 0
Қоғам

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚЫМБАТТАСА, ҚАЙДА ШАҒЫМДАНУ КЕРЕК

Сауда және интеграция министрлігі бағаның өсуіне қатысты шағымдарды қайда жолдауға болатынын мәлімдеді.

Министрлікке қарасты Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың сөзінше, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына шектеу әр әкімдіктен жеке қойылады және бұл шектеулер елдің басқа аумағына жүрмейді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қойылған шектеулер ашық жарияланады. Мұндай шектеулер «Әділет» порталы мен әкімдіктердің ресми сайттарын қоса алғанда, ашық дереккөздерде орналастырылады.Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев

Ержан Қазанбаевтың айтуынша, бағаның өсуіне қатысты шағымдармен мына үш органға жүгінуге болады:

Біріншісі — әкімдіктер. Себебі жергілікті атқарушы органдар сауда желілеріндегі баға үстемесін бақылауда ұстай алады. Тіпті сауда үстемесінің 15%-ынан аспауы үшін бағаны бақылайтын арнайы құралдары бар.

Екіншісі — Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және Комитеттің аумақтық департаменттері. Сонымен қатар жақында Сауда комитетінде E-tutynushy платформасы арқылы аумақтық департаменттерге жүгінетіндей мүмкіндік пайда болады. Сонда кез келген тұтынушы әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қымбаттатқаны үшін дүкенге шағым түсіре алады.

Үшіншісі — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық департаменттері. Мұнда азық-түлік өнімдерінің жасанды тапшылығы немесе баға алыпсатарлығы пайда болды деген күдік туған жағдайда жүгінуге болады.

Осыдан кейін әкімдіктер, Сауда және интеграция министрлігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі белгілі бір шаралар қабылдайды.

https://kaz.zakon.kz/6001847-azyk-tulik-kymbattasa-kaida-shagymdanamyz.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
33 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
127 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
196 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
235 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»