8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2021 1636 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2010 жыл)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

12 наурыз. М.Өтемісов атындағы БҚМУ басшылығы Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетімен ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды. Келісімшартта көрсетілгендей, батысқазақстандық студенттер Түркия елінде туризм, шет тілі мамандықтары бойынша іс-тәжірибеден өтеді, ғылыми конференцияларға қатысады.

30 наурыз – 5 сәуір. Орал қаласында бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтің жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті. Оған Қазақстанның облыстарынан және Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркиядан жүзден астам спортшы қатысты. Жарысқа келген қонақтар арасында әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, оралдық бапкер Қ.Уақасовтың шәкірті Роман Кармазин болды.

28 маусым. «Қарашығанақ – Орал» газ құбырының екінші кезеңі аяқталып, Сырым және Қаратөбе аудандарына табиғи газ берілді. Тұрғындардың қуанышымен ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бөлісті.

22 шілде. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов келді. Сапар барысында ол Зеленов ауданындағы «Кроун Батыс» ЖШС-ның мал бордақылау кешенінде болып, Орал қаласында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған №5 емхананың ашылу салтанатына қатысты. «Тұрғын үй – жастарға» бағдарламасы бойынша 90 пәтерлік түрғын үйден пәтер алған жас отбасыларға пәтердің кілтін табыс етті.

30 шілде. Облыстық мәслихаттың шешімімен «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы жерлестеріміз, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевке, халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырзалиевке, Қазақстанның халық әртісі, композитор Ескендір Хасанғалиевке берілді.

1 қыркүйек. «Қазақстан» РТРК Батыс Қазақстан филиалы өзінің бағдарламаларын облыстың барлық аумағына таратуға қол жеткізді. Қазір олар тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Осы кезге дейін көптеген аудан тұрғындары «Қазақстан-Орал» телеарнасының хабарларын көре алмайтын. Бұл мәселені шешуге облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өзі араласып, облыстық бюджеттен телехабар тарататын және қабылдайтын жабдықтар сатып алуға 110 миллион теңге қаржы бөлді.

8 қазан. Орал қаласында мұнайшылар мен геологтар аллеясы ашылды. Жаңа гүлзардың ортасына Қазақстандағы алғашқы мұнайшылар мен геологтардың ескерткіштері орнатылған.
18 қараша. Облыстық қазақ драма театрында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаев пен халық ақыны Фариза Оңғарсыновамен кездесу өтті. Олармен бірге белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков те болды.

29 желтоқсан. Орал қаласының Зашаған ауылында 200 кереуеттік жаңа үлгідегі көпбейінді балалар ауруханасы пайдалануға берілді. Аурухана «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде салынды. Құрылыс мердігері – «АлТим» ЖШС.

Жалғасы бар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»