8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2026 427 0
Заң және тәртіп

Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды

Спорт ұйымдарындағы қызметтік шешімдер мен күнделікті жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу маңызды. Осы бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қысқы спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлеріне арналған практикалық кейс-талдау өткізді.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, олардың спорт ұйымдары қызметкерлері үшін практикалық маңызына назар аударылды. Сондай-ақ мүдделер қақтығысын болғызбау, қызметтік міндеттерді адал орындау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ерте анықтау мәселелері қаралды.

Теориялық түсіндірумен қатар, қызмет барысында туындауы мүмкін нақты жағдайлар талқыланды. Қатысушыларға ұсынылған кейстер арқылы белгілі бір әрекеттен туындайтын тәуекелдерді анықтау, жағдайды құқықтық тұрғыдан бағалау және заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау жолдары қарастырылды.

Практикалық формат қызметкерлерге заң талаптарын күнделікті қызметтік міндеттермен байланыстырып қарауға мүмкіндік берді. Талқылау барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, нақты жағдайларда қандай әрекет жасау керектігі бойынша түсіндірмелер алды.

Іс-шара қорытындысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек құқық бұзушылық орын алғаннан кейін әрекет етумен шектелмей, ықтимал тәуекелдерді алдын ала анықтап, оларға жол бермеуден басталатыны атап өтілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»