8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қыркүйек 2026 470 0
Өңір жаңалықтары

«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды

Жайық жағасында ұлттық ат спортының дүбірі естілді. «Жайық жүйрігі – 2026» облыстық ашық чемпионаты биыл жетінші рет ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген 100-ге жуық шабандоздың басын қосты.

Құнан, топ және аламан бәйгеден өткен жарыстың жалпы жүлде қоры 50 млн теңгені құрады. Дүбірлі доданы облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Құрылтай депутаттары Тұрарбек Тілемісов, Мұратбек Мұхамедиев және ұлттық спорт жанкүйерлері тамашалады.

Чемпионаттың ашылуында Орал қаласының әкімі М.Байменов құттықтау сөз сөйлеп, шабандоздарға ақжолтай тілек айтып, жарыста бақ сынағалы тұрған жүйріктерге тілек білдірді.

Бәйге қорытындысында құнан бәйгеде Дәмір Асылқұл «Бақ» тұлпарымен, топ бәйгеде Шәкерім Тәжі «Басқасқасымен», ал аламан бәйгеде Саян Айболат тізгіндеген «Асылай» жүйрігімен топ жарды.

Жарыс алдында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Санжар Өмекеевке қаржылай сертификат табысталды. Ал бәйге жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, ақшалай сыйлықтар табысталып, құнан және топ бәйгенің жеңімпаздары автокөлікке, аламан бәйгенің үздігі бір бөлмелі пәтерге ие болды.

Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы. Ал жүйріктер дүбірі Жайық жағасында жалғаса бермек!

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Конституция – қоғамның тірегі
10 Қазан 2026
75 0
Өңір жаңалықтары
Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады
09 Қазан 2026
116 0
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
104 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
148 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
177 0
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
255 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
282 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
271 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»