Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу бойынша жүйелі мәселелерін шешу Департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Азаматтардың жүйелі мәселелерін шешу мақсатында Департамент келіп түскен арыз-шағымдарды жан-жақты қарап, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізіп келеді.
Ең көп уәждері расталған шағымдар жер қатынастар саласындағы мемлекеттік қызмет түрлері бойынша басым болып келеді.
Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен жер учаскесіне құқық беру туралы өтініштерге негізсіз бас тартылған. Департаменттің ұсынымы негізінде өтініш қайта қаралып, заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданды.
Сондай-ақ, медициналық ұйымдар тарапынан медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекітуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды. Нәтижесінде азаматтар тиісті медициналық ұйымдарға тіркелді.
Одан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын барынша толық іске асыру және заңды мүдделерін қорғау, көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне талдау жүргізіледі.
Талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесін құқықтық реттеу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және техникалық мүмкіндіктер және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бағыттары бойынша ұсыныстар әзірленді.
Департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстары бойынша қамқоршылық және қорғаншылық туралы анықтамалар беру қызметі толығымен автоматтандырылды, анықтама қызмет көрсетуші қызметкерлерінің қатысуынсыз автоматты түрде дайындалып беріледі, бұған дейін анықтаманы мамандар қолмен өңдеген.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіби қауымдастықты аккредиттеу» және «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметтері бойынша осы қызметтерді көрсету қағидалары әзірленбеген болатын, ұсыныстар енгізілгеннен кейін қағидалар әзірленіп, тізілімге орналастырылды.
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру және патронаттық тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша жұбайдың (жұбайының) нотариалды куәландырылған келісімі талап етілетін. Қазіргі уақытта бұл келісім электронды түрде беріледі.
Сондай-ақ, «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде негізгі жер учаскесіне қосымша учаске беру жөніндегі қызметтің кіші түрі қосылды.
Нұрайна Нұралиева,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру