2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Қазіргі таңда пилоттық жоба Павлодар және Қызылорда облыстарындағы мектептерде жүзеге асырылуда.
Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім алушылардың мектеп қабырғасынан бастап жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға қатысты берген тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда.
Пилоттық жоба Павлодар және Қызылорда облыстарында орналасқан еліміздің алғашқы 10 мектебін қамтиды. Жоба шеңберінде 4-сыныпта оқитын 50-ден астам оқушы математика, цифрлық сауаттылық, қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша оқыту ұйымдастырылды. Аталған жоба – 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру шараларының бір бөлігі.
Маңызды кезеңдердің бірі жуырда Үрімші (ҚХР) қаласында қазақстандық Q.AI жасанды интеллект компаниясы мен әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект саласының сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фу негізін қалаған халықаралық 01.AI компаниясы арасында жобаны кезең-кезеңімен кеңейту туралы келісімге қол қойылуы болды.

Жоба кезең-кезеңімен кеңейтіледі:
- 2027 жылғы қаңтарда қатысушы мектептердің санын кемінде 50-ге дейін көбейту жоспарлануда;
- сәуірде 440-қа дейін;
- 2028 жылдың шілдесіне қарай еліміздің 2,6 мыңға жуық шағын жинақты мектептері толық қамтылмақ.
Оқу процесі қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, гибридті модель бойынша құрылған: педагогтер «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының базасында арнайы жабдықталған студиядан онлайн режимде сабақ өткізеді. Бұл уақытта ауылдық сыныптарда жергілікті мұғалімдер сабақ барысында балаларға материалды игеруге бірге көмектеседі, ал оқушылардың белсенділігі мен қатысуын бақылау интерактивті кликерлер мен цифрлық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Сонымен бір мезгілде педагогтерді, мектеп басшыларын және аудандық білім бөлімдерінің мамандарын даярлау жалғасады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның базасында отандық суперкомпьютерлік кластердің есептеу қуаттарын пайдаланатын ЖИ-платформаның технологиялық негізі орналастырылған.
Q.AI компаниясының бас директоры Дмитрий Мун бірлескен жоба қала мен ауыл оқушылары арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жоюға арналғанын атап өтті.
«Қазақстанда ауылдық жерлерде шамамен 2,6 мың шағын жинақты мектеп бар. Оларда әр сыныпта 5–6 оқушыдан білім алады. Әр пән бойынша білікті педагогтерді тартуға барлық жерде мүмкіндік бола бермейді. Біздің жоба – осы міндетті іске асыруға бағытталған практикалық қадамдардың бірі. Астананың білікті мұғалімдері ауыл мектептеріне онлайн форматта тікелей сабақ өткізеді. Сонымен қатар сыныптағы мұғалім балалардың жанында, ал ЖИ оқушылардың жауаптарын талдайды, білімдегі олқылықтар мен әлсіз жақтарды табуға және кімге қосымша көмек қажет екенін айқындауға көмектеседі. Яғни, біз дербес білім беру моделіне көшіп жатырмыз. Бұл ретте жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше оның мүмкіндігін арттырып, жұмысын тиімді етеді. Бүгінде Қазақстанның ең шағын мектептерінде елдің болашақ ғалымдары, кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметшілері мен технологиялық көшбасшылары білім алып өсіп келеді. Дәл осындай жобалар үшін Қазақстан мен Қытай бүгінде технологияларды, тәжірибе мен адамдарды біріктіреді», — деп атап өтті Дмитрий Мун.
Қашықтан оқыту мен жасанды интеллектіні ұштастыру ауыл оқушыларының заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділігін кеңейтіп, неғұрлым дербес оқыту тәсілін қамтамасыз етуге және тұрғылықты жеріне қарамастан балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасауға жол ашады. Сонымен қатар жоба мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға ықпал етуі керек.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру