Жастарға отбасы құрудағы жауапкершілік түсіндірілді
Бүгін Отбасын қолдау орталығында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен «Неке – жауапкершілік пен келісім», «Мәжбүрлі неке – дұрыс таңдау емес» тақырыптарында ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шара барысында жастарға отбасы құруға саналы түрде дайындалу, некеге тұрудың құқықтық негіздері, ерікті келісімнің маңызы, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік, жеке шекараны құрметтеу, сондай-ақ құқықтар мен міндеттер жөнінде түсіндірілді.
Отбасын қолдау орталығының директоры Ақтоты Сағынқызы Жұбатова сөз сөйлеп, отбасы құрудың маңызды қадам екеніне тоқталды. Ол жастарға болашақ отбасының берік негізі өзара түсіністік, сенім, құрмет және жауапкершілікке құрылуы қажет екенін атап өтті.
Кездесуге БҚО әкімдігі КДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысының кеңесшісі, БҚО ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Жамал Сағынғалиева, облыс әкімінің гендерлік саясат бойынша кеңесшісі, БҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, Аналар кеңесінің мүшесі Жансұлу Менешовна, БҚО прокуратурасының аға көмекшісі Жанар Умергалиева, БҚО әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, қоғам қайраткері, ІІО ардагері Диляра Махмудовна Сатарова, сондай-ақ БҚО ПД КҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Анаргүл Тынышқалиқызы қатысты.
Мамандар өз сөздерінде неке тек заңды рәсім ғана емес, екі адамның ерікті таңдауы мен өзара келісіміне негізделетін маңызды өмірлік шешім екенін түсіндірді. Сонымен қатар мәжбүрлі некенің алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу және жастардың өз құқықтарын білуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Іс-шара жастардың отбасылық құндылықтар туралы түсінігін кеңейтіп, саналы әрі жауапты отбасылық өмірге дайындық мәселелерінде құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру

