Жандарбек БҰЛҒАҚОВ: «Қазақтарға бас иіп сәлем берем»
5 наурыз күні Орал қаласында «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысында Астана қаласының ақыны Жандарбек Бұлғақовтың ақжайықтықтар туралы айтқаны:

«Кешегі тоқсан бірде казактар кеп,
Алаштан Ақ Жайықты бөлем деген.
Ол кезде біздің қазақ сәби еді
Азаттық жөргегіне бөленбеген.
Казактардың мұрттарын талдап жұлып,
Кіші жүз шекараны шегендеген.
Сол уақытта сіздер ғой қарсы шығып,
Өлсем де Орал үшін өлем деген.
Бұл жердің қожайыны кім екенін,
Азаттық алмай тұрып дәлелдеген.
Казактарға бастарын имей өткен
Қазақтарға бас иіп сәлем берем»
Айта кету керек, бұл айыста Жандарбек Бұлғақов сұлу Көкшенің ақыны Әлібек Серғалиевпен айтысты. Әлібек ақын өз сөзін әлеуметтік мәселелерге бұрды. Жастардың жұмыспен қамтылуы, зейнеткерлік жайы, көп балалы аналардың қамы ұйқасынан табылды. Қос ақын да қоғамның тәрбиесі, ұлттың құндылықтарды ұлықтауға басымдық беріп, суырыпсалма сөз өнерінің үлгісін көрсетті.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу