8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2019 2234 0
Қоғам

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАТТЫҒЫН ЕСЕЛЕГЕН ҮШЕМДЕР

Оралда дүниеге келген үшемдер кеше, 3 мамыр күні ауруханадан шықты. Сәбилердің бауы берік болуын тілеп, біз де бүгін арнайы Сағындықовтардың қуанышына құтты болсын айта бардық.  

  

Осыдан бір ай бұрын Сағындықовтар әулетінде үшем дүниеге келген еді. Көпұрықты жүктілікке байланысты сәбилердің салмағы аз болған. 1,3, 1,5, 1,7 келі болып дүние есігін ашқан сәбилер анасымен бірге облыстық перинаталдық ауруханаға жатқызылып, тура бір ай дәрігерлердің бақылауында болды. Жағдайлары жақсарып, 2 келіден аса салмақ жинаған соң, дәрігерлердің шешімімен ауруханадан шығарылды.

– Жүктілігімнің 14 аптасында УДЗ-ға түскенімде үшем болатынын білдім. Сол уақыттан бері отбасымызбен асыға күттік. Сол кезден бастап перинаталдық орталық есепке алып, №6 қалалық емхана қызметкерлері жүктілігімді бақылауда ұстады.  Бірінші жаратушының, екінші ақ халаттылардың арқасында балаларымыз аман-есен дүниеге келіп, жағдайлары жақсарды. Бізге көмектескен перинаталдық орталықтың қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деді  үшемнің анасы Дина Хамзина.

Дина мен Қанат Ғұпрановтың үлкен қыздары Қарлығаш – №38 мектеп-гиназиясының 7-сынып оқушысы, одан кейінгі қыздары Назерке мен Қарагөз – А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2 және 1  сынып оқушылары, ұлдары Нұршат – 1,5 жаста. Отбасының базарын толтырар үшемге – Көзайым, Жанайым, Бегайым есімдерін берген. Үйдің үлкен қыздары сәбилерді өзара бөлісіп, меншіктеп алған. Кішкентайларды қарауға ата-әжесі де көмектесуде.

– Үйіміз толып, қуанудамыз. Дендері сау болып, әдепті, тәрбиелі, ибалы қыз болып өсіп кетсе деген тілегіміз бар. Ата-ананың басты арманы – балаларының амандығы ғой. Біздің де тілегіміз – осы, – дейді жеті баланың әкесі Қанат Ғұпранов.

Кеше үйлеріне шыққан бөбектерді бүгін учаскелік дәрігер алғаш рет патронаж жасап, жағдайларын тексерді. Қазіргі уақытта қыздар 2,2, ,2,1, 3 келіден салмақ жинаған.

– Жағдайлары қалыпты. Ауруханадан тиісті екпелерін алып шықты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз, – дейді №6 емхананың жалпы тәжірибедегі учаскелік дәрігері Баян Бейісова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен жылы облыста 98, биылғы жыл басынан бүгінге дейі 35 егіз сәби жарық дүние есігін ашқан. Ал, үшем бұған дейін 2016 жылы туылыпты.

Айта кетейік, үшемдердің ата-анасы Дина Хамзина – облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында әдіскер, Қанат Ғұпранов  – Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің оқытушысы. Қанат Ғұпрановтың жетекшілігімен шәкірті Назерке Төлеуғалиева «Мобильді емхана» жобасын дайындап, облыстық инновациялық жобалар байқауында үздік атанған болатын.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
71 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
338 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
597 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
836 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
873 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1026 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1220 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1455 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1540 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1650 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1658 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1688 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1693 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1797 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2018 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2325 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»