«МОБИЛЬДІ ЕМХАНА» ЖОБАСЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ
Бүгін облыстық білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Халықаралық цифрлық тенологиялар Сәулет және құқық колледжі базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Цифрлы оқу орны» облыстық инновациялық жобалар байқауы өтті.
Облыстық инновациялық жобалар байқауы студенттердің инновацияларға қызығушылығын, цифрлық сауаттылығын арттыруды көздеді. Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан қатысқан 26 студент бес бағыт бойынша, яғни «Цифрлық платформа», «Техникалық көрініс – 360 градус жобасы» электрондық цифрлық ресурстарды әзірлеу, «Digital mobile», «Smart Орал үшін ақылды технологиялар», «Мультжоба» бағыттары бойынша инновациялық жобаларын ұсынды. Мәселен, Ақсай техникалық колледжінің автокөлік жөндеу мамандығының 3 курс студенті Оралбек Батыржанов «Цифрлық технологияны әр салада қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы жобасын ұсынса, Халықаралық цифрлық тенологиялар Сәулет және құқық колледжінің студенті Арман Чинбаевтың «Теректі ауданында 200 бас сүтті ірі қара мал фермасын құру», Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің студенті Назерке Төлеуғалиеваның «Мобильді емхана» жобасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Жанар Карманованың айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық инновациялық жобалар байқауы осымен екінші жыл қатарынан өтуде. Ал аймақтық кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы, әділқазылар алқасының мүшесі Айгүл Әбілхайырова әсіресе, студенттердің назарын аударған құбыр жабындарын реттеу, емханаға жазылу, сайттар жасақтау, колледж түлектерін жұмыспен қамтуды жүзеге асыратын инновациялық жобалар қоғамдағы өзекті мәселелер екенін айтады.
Байқау нәтижесінде Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің студенті Назерке Төлеуғалиеваның «Мобильді емхана» жобасы жүзден жүйрік шықты.
Аталмыш колледждің «Лаборотория және диагностика» бөлімінің 1 курс студенті Назеркенің бұл жобасы №6 қалалық емханаға арналыпты. Қазіргі таңда ондай мобильді қосымша ешбір емханада жоқ көрінеді. – Алғашқылардың бірі болып осы қосымшаны жасадым. Емханаға тіркелген тұрғындар мобильді қосымшаны өзіне жүктеп ала алады. Сол кезде әр емделуші алдымен уақытын үнемдейді. Қосымшаны ойлап табу арқылы облыстық денсаулық сақтау саласына көмегіміз тиді деп есептеймін. Қазіргі таңда медицина қызметкерлеріне жұртшылықтың наразылығы көп. Қосымшадан дәрігерлердің уақыты тығыз екені көрініп тұрады. Кестелерін көріп отырасыз. Жобамды №6 емхана директоры Жұмабек Жәдігерұлы қолдап, сайтқа орналастырды, – дейді жоба авторы. Назеркенің жетекшісі Қанат Гупрановтың айтуынша, «К врачу» деген мобильді қосымша әуелден бар. Бірақ ол жалпы облыс бойынша көрсетілген. – Әр пациенттің өз емханасы бар. Сол себепті ол қосымшаға «Мобильді емхананы» интеграциялауды жөн көрдік. Негізгі түрткі болған жайт – мобильді қосымшаларды тиімді пайдалану. Бүгінде оқушыларды кәсіби мамандыққа баулу негізінде жобаның бастапқы этапын іске қостық, – дейді жоба жетекшісі.
Жеңімпаздар облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сыйлықтарымен, грамоталармен, сертификаттармен марапатталды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу