ОРАЛДА БАЛАБАҚШАЛАР МЕН ТӨРТ ЕМХАНА ҚЫЗМЕТІН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты БҚО-да облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік режим 15 маусымға дейін ұзартылған еді. Осы орайда жұртшылықтың көкейінде ашылған нысандар қайтадан жабылуы мүмкін деген уайым бар. Бұл жайды бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев түсіндіріп берді.

– Осы кезге дейін ашылған нысандар жұмыстарын жалғастыра береді. Тек кейінгі екі күннің ішінде балабақша қызметкерлері арасында коронавирус жұқпасының анықталуына байланысты Орал қаласы жедел штабы балабақшалар қызметін тоқтатты. Балабақша қызметкерлері оқшауланып, эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар жергілікті төрт емхана уақытша жабылды. Яғни 2, 3, 4, 5- қалалық емханаларға келушілердің профилактикалық тексерулерден өту кезінде коронавирус жұпасы анықталуына байланысты емханалар қызметі уақытша тоқтатылып, науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығынан сынама алынды. Нысандарда залалсыздандыру жұмысы аяқталып, тексерілген қызметкерлердің сынамалары теріс нәтиже болса, емханалар жұмыстарын қайта жалғастырады. Осы емханалардағы жедел жәрдем қызметі тиісті медициналық қызмет көрсетуін жалғастыра береді. Сондай-ақ емделуі жоспарланған науқастарға тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық қызметерлер тиісті қызмет көрсетеді, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Сонымен қатар «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в».-да коронавирустық жұқпаның бір жағдайы анықталуына байланысты БҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен Қарашығанақ кен орнында 5 маусымға дейін карантин жарияланды.
Ескерерлік маңызды жайт – азаматтар өздерінен вирустық жұқпалардың белгілерін байқаған кезде ауруханаға бармай, бірден 103 қызметіне жүгінулері қажет. Өйткені егер ол азаматтан вирустың оң нәтижесі анықталса, оның қарым-қатынасқа түскен адамдарының саны да көбейіп, вирусты жұқтырғандар да артуы ықтимал.
Айта кетейік, бүгінгі күнге облыста коронавирус жұқпасының 414 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарларда 342 адам бар, үй оқшаулауында – 1134 адам дәрігерлер бақылауында. 226 науқас ем алып шықты. Олар да күнделікті дәрігерлердің бақылауында.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу