8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2020 2607 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА КАРАНТИНДІК РЕЖИМ 15 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қызметін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім етті.

Қазіргі уақытта  облыста  коронавирус жұқпасының 370 жағдайы тіркелді. 22 мамырға өсім 2,8 пайызды құрап отыр. Нұрлыбек Мұстаевтың хабарлауынша, олардың 251-і сырттан әкелінген, яғни Атырау мен Ресейден келгендер.  114 жағдай қарым-қатынас негізінде жұқтырылған. Олардың 63-і медицина, бесеуі – полиция қызметкері, 43 жағдай үй ошақтарында жұққан. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  144 адам ем алуда. Провизорлық стационарда – 24, карантиндік стационарда – 217, үй оқшаулауында – 1208 адам дәрігерлер бақылауында.  216 науқас ем алып шықты. Олар да күнделікті дәрігерлердің  бақылауында.

– Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, БҚО бас санитарлық дәрігерінің  қаулысымен карантиндік режим 25 мамырдан бастап 15 маусымға дейін ұзарады. Негізгі себептерінің  бірі – облыстағы аурушаңдық деңгейінің  төмендемеуі. Санитарлық қызмет мамандары күнде  мониторинг жүргізуде. Аурушаңдық көрсеткіші  21 мамырда  – 2,5 болған еді, 22 мамырға – 2,8 пайызға көтерілді. Сол сияқты апта ішінде 4,1 және 3,8 пайыздық көрсеткіштер тіркелді. Әлі де  төмендеу байқалмайды. Аурушаңдық деңгейі  15 маусымға дейін 2  пайызға  дейін төмендейтін болса, 15 маусымнан кейін карантиндік режим шектеулері жеңілдетіліп, қалған нысандар ашылуы мүмкін, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Аурушаңдықтың 340 жағдайы – Орал қаласында, бесеуі – Ақжайық ауданында, жетеуі – Бөрлі ауданында, біреуі – Теректіде, үшеуі – Бәйтерек, 10 жағдай – Тасқала ауданында тіркелді. Сондай-ақ Сырым ауданында төрт жағдай тіркеліп, аудандық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен  карантин жарияланды.

– Сырым ауданы бойынша алғашқы тіркелген науқасқа жүргізілген эпидемиологиялық тергеу барысында ол 14 күн бойы үйде болғанын, ешқайда бармағанын айтқан еді. Алайда, оның  Орал қаласына келгені анықталды. Осы факті бойынша эпидемиологиялық тергеу жалғасуда, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Ескерерлік маңызды жайт – азаматтар өздерінен вирустық жұқпалардың белгілерін байқаған кезде  ауруханаға бармай, бірден 103 қызметіне  жүгінулері қажет. Өйткені егер ол азаматтан вирустың оң нәтижесі анықталса, оның қарым-қатынасқа түскен адамдарының саны да көбейіп, вирусты жұқтырғандар да  артуы ықтимал.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»