МҰЗ КЕПТЕЛІСІН БОЛДЫРМАУ ҮШІН
БҚО ТЖД қызметкерлері өзендерде ойықтар ою жұмысын жүргізуде.

Бүгін №6 жедел құтқару бөлімшесінің қызметкерлері Жайық өзенінде бұрғылау құралдары арқылы мұзды оюға кірісті. Бұл – су тасқының алдын алу және мұз кептелісін болдырмау үшін жасалып жатқан шаралардың бірі. Сала мамандарының сөзінше, мұз ойылған жерлер қатып қалған жағдайда еш қиындық туындамайды, себебі мұздың құрылысы тез бұзылуға ұшырайды және су деңгейі көтерілген кезде мұз опырылып, мұз кептелісінің болу мүмкіндігі әлсірейді. Қазіргі таңда өзенде 240 ойық ойылды.
Бұған дейін департамент көп жылдық мониторингке сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша 36 мыңнан астам халық тұратын 85 елдімекен су тасқыны қаупінде екенін мәлім еткен болатын. Су басудың жоғары деңгейі 27 елді мекенге қауіпті болса, 50 елдімекенге орташа деңгейде қауіп бар. Ал сегіз елдімекенге төменгі деңгейде қауіп болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу