КОРОНАВИРСҚА ЖАППАЙ ТЕСТІЛЕУ АЗАЙТЫЛДЫ
БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте мәлім еткендей, коронавирусқа қатысты жағдай өңірлік жедел штабтың бақылауында. Штаб жұмысына барлық құқық қорғау органдары қатысады және өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Өңірде коронавирусқа күніге 1000-дай ПТР зерттеу жүргізіледі. Төрт лаборатория бар, оның біреуі жеке лоборатория. Лаборатория қызметкерлерінің ішінен коронавирус инфекциясын жұқтырғандар да анықталуда. Осы себепті нәтижелердің кешіктірілу жағдайлары бар. Сондай-ақ лабораторияларда жүйелі түрде карантин және дезинфекция жүргізіледі.
– Қазір профилактика үшін жаппай тестілеуді азайтып, стационарлардағы пациенттер мен олармен жақын байланыста болған адамдарды тестілеуге басымдық берілуде. Бұл тест нәтижелерінің шығарылуына тездетуге мүмкіндік бермек, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Ал өңірлік жедел штабта көптеген мәселелер жедел шешімін тауып, індетпен күресте көмегін тигізуде. Мәселен, экономикалық тергеулер департаменті шекара қызметімен бірге 4 млн. дана маска – контрабандалық тауарды анықтады. Маскалар денсаулық сақтау басқармасына берілді. Белгілі бөлігі тұрғындарға таратылуда. Полиция департаменті, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бағаларға және нысандарда санитарлық ереже талаптарының сақталуын мониторинг жүргізуде.
– Бұл жағдайға бейжай қарамай демеушілік қолдау көрсетіп жүрген жандарға алғыс білдіремін. Демеушілірдің қаржысына медициналық құрлығылар алынып, Ақсайда лаборатория ашылды. Қиын жағдайларға тап болғандарға көмек көрсетілуде, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу