БҚО ӘКІМІ ӨҢІРДЕГІ КОРОНАВИРУСҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙДЫ БАЯНДАДЫ
Індетке қарсы барлық шаралар қолға алынып жатқанынан қарамастан, облыстағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Алдыңғы шепте жүрген медициналық қызметкерлер тынымсыз еңбек етіп, күні-түні науқастардың өмірі мен денсаулығы үшін күресуде. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен шешуді қажет ететін мәселелерді және коронавирусқа қатысты жағдайды БҚО әкімі Ғали Есқалиев бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңындағы брифингте баяндады.

БҚО әкімі атап өткендей, өңірде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі. Бүгінгі күні 940 адам ем алуда. Оның ішінде 473 адамның жағдайы орташа дәрежеде болса, 92 адам ауыр халде жатыр. Ауруға шалдыққандар облыс орталығына және аудандарда да анықталды. Ең көбі, яғни 61 пайызы Орал қаласында. қала бойынша науқастанғандар саны 2100 адамға жетті. Бөрлі ауданында – 223, Бәйтеректе – 208, Ақжайықта – 141 ауруға шалдыққан.
1 сәуірдегі жағдай бойынша стационарларда 380 кереует болған болса, науқастардың көбеюіне байланысты кереуеттер 3 есеге көбейтіліп, 1125-ке жетті. Дегенмен, бүгінде кейбір стационарларда кереуеттердің тапшылығы байқалуда. Сондықтан жақын күндері облыстық және қалалық көпбейінді ауруханаларда 230-дай кереуеттік орын ашылады.
– Жалпы орын тапшылығы бойынша мәселе шешіледі. Қазіргі уақытта оттегі концентраттары және медициналық қызметкерлер тапшылығы бар, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Брифингте облыс басшысы осы екі басты мәселеге кеңірек тоқталды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу