8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2020 1878 0
Қалалықтар қаперіне

КАРАНТИНДІК РЕЖИМ. БҚО-ДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ

БҚО-да карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды. 

Бір тәуліктің  ішінде  Батыс Қазақстан облысында 6 адамнан коронавирустық инфекция анықталды. 15 сәуір күнгі мәлімет бойынша облыс аумағында коронавирустық инфекцияның 18 жағдайы тіркелді. Оның басым бөлігі, яғни 14 жағдай сырттан келген. 4 жағдай бойынша тіркелген науқастар олармен қарым-қатынаста  болғандар.

Осы ретте  Мемлекеттік  комиисияның жедел штабы карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. 16 сәуірден бастап облыс аумағында қоғамдық көліктердің  қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ азық-түлік базарлары мен банк бөлімшелері, Қаз Пошта да жұмысын уақытша тоқтатады.

БҚО бас мемлекеттік санитар-дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың  айтуынша, бұл коронавирустың өсу жағдайын тоқтату мақсатында  қабылданып отыр.

– Қазір облыс аумағында адамдардың қозғалысы тыйылмай тұр. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта  індеттің бетін қайтару маңызды.  Адамдардың қозғалысын шектеу арқылы ғана коронавирустық инфекцияны жеңеміз. Өңір тұрғындарынан барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұраймын, – деді Мұхамғали Қайыржанұлы.

Ресми тіркелген және STOPCOVID.KZ сайтына деректері енгізілген таксилердің ғана қозғалысына  рұқсат.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»