8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2020 1821 0
Өзек

КАРАНТИНДІК РЕЖИМ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ӨЗГЕРДІ

Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков төтенше жағдай және карантин уақытында азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап облыс аумағында енгізілген бірқатар шектеу шараларымен таныстырды.

Қоғамдық көліктер санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, шектеу режиміне сай таңғы сағат 06.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін жүретін болады.  Сондай-ақ жолаушыларды автобустардағы орын санының 40 пайызына ғана алу керек. Ал такси қызметіндегі жеңіл автокөліктер үш адамнан артық жолаушыны мінгізбеуі керек.

– Желіге  шығар алдында әр автокөлік техникалық тексерістен өткізіліп, жолдама парақшасы берілуі тиіс және  Gps-бағыттаушы құрылғылары орнатылған болуы керек. Жолаушыларға қызмет көрсететін барлық автокөліктердің салоны әр рейстен кейін дезинфекциялық заттармен өңделуі керек. Әрі көлік жүргізушілерінде жеке қорғану құралдары болуы маңызды. Автокөлікте жеткілікті мөлшерде дезинфекциялық заттар болуы керек, – деді А.Шыныбеков.

ҚР-ның «автомобиль көлігі» және «Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүк тасымалдау қағидалары туралы» заңына сәйкес таксилер компанияларға тіркелуі керек. Қаламызда такси қызметін ұйымдастырып отырған төрт компания ғана бар. Қала әкімшілігі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында тіркелген такси компанияларының қызметін пайдалануды ұсынады.

ОРАЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША РЕСМИ ТІРКЕЛГЕН ТАКСИ ПАРКТЕРІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
98 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
135 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
403 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
423 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
397 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»