8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2020 881 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА КАРАНТИН ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ: НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН РЕЖИМІ БЕЛГІЛЕНДІ

Бүгін БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаевтың Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы шықты.  17  тамыздан бастап күшіне енетін қаулыда бұған дейін белгіленген бірқатар шектеулердің сақталып, бірқатар нысандардың жұмысына рұқсат берілетіні көрсетілген.  Сондай-ақ жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер бар. 

Нақтырақ айтқанда, қаулыда көрсетілгендей, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80% «қашықтан» жұмыс түріне көшіру (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер бар жағдайда), жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізулері тиіс.

ХҚКО онлайн режимде қызмет көрсетуді жалғастырады, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді жазу бойынша жүзеге асырады. Қызмет көрсету уақыты – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.

Медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар да алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көретеді.

Азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлардың жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Оларға қойылып отырған басты шарт – сауда сөрелері арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы керек, азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс.

Жабық базарлар үшін қосымша шектеулер бар. Яғни толымдылық нысанның сыйымдылығынан 30 пайызынан аспауы керек. 1 келушіге 4 шаршы метрден кем болмайтындай талап сақталуы керек.

Сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер толымдылығы нысанның сыйымдылығынан 30 пайыздан артық емес  талапты сақтай отырып (1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс) жұмыс жасайды.

Қоғамдық тамақтану нысандарына (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін) ашық ауада (жазғы алаңдар) және үй-жайда ұжымдық іс-шараларды өткізбей (30 орынға дейін, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істеуге, сондай-ақ белгіленген уақыт аралығында жеткізу және шығарып беру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

Банктік қызметтер, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Медициналық-әлеуметтік мекемелер,  балалар түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балалар мен ересектерге арналған курстар (5 адамнан аспайтын топтар) үшін – жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (саны 15 баладан аспайтын), жатын үй-жайлардағы кереуеттер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып қызметтерін жандандырады.

Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т. б.), толымдылығын 50 пайыздан асырмай қызметтерін жүргізеді.

Сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, ЅРА орталықтар (салондар) үшін, (нысанның толымдылығы 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде) – жұмыс кестесі алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қойылып отыр.

Моншалар, сауналар (бассейндерсіз) сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін (толымдылығын нысанның сыйымдылығынан 50%-дан асырмай, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде) жұмыс жасай алады.

Фитнес орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары, спорт және жаттығу залдары (бассейндерсіз) – алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін (толымдылығын нысанның сыйымдылығынан 50%-дан асырмай, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде) жұмыс жасайды.

Халыққа байланыссыз қызмет көрсету нысандары, оның ішінде автожуу – сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін,  ал ТҚКС, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокаттың қызметтері және нотариустың қызметтері, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), айырбастау пункттері, ломбардтар сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Сондай-ақ осы нысандардың демалыс күндері жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы «сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар), сауда желілерінің, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың, ЅРА орталықтардың (салондардың), фитнес орталықтарының, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру нысандарының, моншалардың, сауналардың, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың, ашық ауадағы аттракциондардың жұмысы келесі күндері (сенбі, жексенбі)  2020 жылдың 22, 23, 29, 30 тамыз күндері тоқтатыла тұрсын» деп қаулыда ерекше көрсетілген.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
138 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
137 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
618 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
694 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
706 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
735 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
752 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1121 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1249 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1281 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1556 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1564 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1698 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1989 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2089 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2113 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2324 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»