8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2020 908 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА КАРАНТИН ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ: БІРҚАТАР НЫСАНДАР ЖҰМЫСҚА КІРІСЕДІ

Бүгін БҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаевтың Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы шықты.  17  тамыздан бастап күшіне енетін қаулыда бұған дейін белгіленген бірқатар шектеулердің сақталып, бірқатар нысандардың жұмысына рұқсат берілетіні көрсетілген.  

Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілгендей, облыс аумағында банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, салтанатты, отбасылық, естелік, салттық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды) өткізуге тыйым салынады. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын тоқтатылады. Сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлердің, бассейндердің, жағажайлардың,  ашық ауадағы аттракциондарды қоспағанда барлық ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, аулалардағыны қоспағанда фудкорттардың, банкет залдарының, ойын алаңдарының барлық түрлерінің,  түнгі клубтардың, барлардың, караокенің, компьютерлік және ойын клубтарының, кальяндық, букмекерлік кеңселердің, кейтерингтік қызметтер көрсетудің және мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің, діни нысандардың, сондай-ақ барлық мәдениет нысандарының (театрлардың, концерт залдарының, мұражайлардың, көрмелердің, форумдардың), кезекші топтарды қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметі әзірге жандандырылмайды, яғни қызмет жасамайды.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен скверлерге, алаңдарға, жағалауларға, қалалық демалыс саябағына және халықтың басқа да демалыс орындарына (жағажайларды қоспағанда) баруға рұқсат беріледі.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада (5 адамнан аспайтын) жеке және топтық жаттығуларға рұқсат.

Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беріліп отыр. Алайда, жаттығушылар саны 30 адамнан аспауы керек және жаттығу мерзімінде олардың спорт базаларында тұруы ұйымдастырылуы тиіс.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келушілер ағынын реттей және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, ашық ауада аттракциондардың жұмысына рұқсат беріледі.

InfoKazakhstan.kz cайтынан электрондық форматта берілген санитарлық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде  сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар), сауда желілерінің, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың, ЅРА орталықтардың (салондардың), фитнес орталықтардың, спорт және жаттығу залдарының, спорттық-сауықтыру нысандарының, моншалардың, сауналардың, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, балаларға арналған түзету кабинеттерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының, қоғамдық тамақтану нысандарының (үй-жайлардағы) қызметі қайтадан жандандырылады.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
97 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
104 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
587 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
665 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
676 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
705 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
720 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1092 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1219 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1252 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1527 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1535 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1668 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1960 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2060 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2084 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2295 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»