Б.ҚАРАТАЕВА: «КӨРЕРМЕННІҢ ЫҚЫЛАСЫН СЕЗІНДІМ»
20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Мағжан Жұмағалиевтың режиссерлығымен сахнаға шығарылған туындыда Балнұр Қаратаева басты кейіпкер Ғаділбектің анасы Науаттың рөлін сомдады.

– Қазір ауданымыздағы балалар саз мектебінде баян аспабынан сабақ беремін. Осыдан екі жыл бұрын Мәдениет үйінде жұмыс жасаған кезде алғаш рет қойылымға қатысып, Бопайдың рөлімен шыққан едім. Одан кейін «Люстрада» ананың рөлі берілді. Жасым 30-дан енді асып барады. Әйтсе де үнемі 60, 70 жасты алқымдаған аналардың рөлі бұйырады. Көбіне дауысың келеді деп аналардың рөлін ұсынады. «Ар азабында» 40 жыл мұғалім болып, бала оқытқан, екі баланы бір өзі жеткізген жесір әйелдің образын сахнаға алып шықтым. Ұзақ дайындықтан, сүзгіден өтіп шығарылған туынды ғой. Сондықтан да халыққа өтімді болды деп ойлаймын. Залдағы көрерменнің алақандарын қыздырып соққанынан осы ықыласты сезіндім.
Жазып алған: Е.АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу