АПАТТЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛА КЕЛДІ
Оралда №19 А кәріздік сору стансасының маңында болған апат орнында қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Қала әкімдігі өкілдері бүгін іңір түскенше су берілетініне сендіреді.

Құбыр апаты салдарынан су тоқтатылған аудандарға жедел түрде су жеткізу шаралары ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, қаланың солтүстік-шығыс бөлігі бойынша 6 учаскеде су жеткізу орындары белгіленген. Бүгін тағы бір учаске анықталып, «Айгүл» ауданына да су тасу ұйымдастырылған.
– Кеше таңғы 8.00-ден түнгі 1.00-ге дейін су жоқ аудандарға 30 мың текше метр су жеткізілді. Су тасуға 15 автокөлік жұмылдырылды. Үлкен су тасу көліктері бекітілген мекенжайларда тұрған көліктерге кесте бойынша су құйып тұрады. Яғни, бекітілген орындарда судың үзіліссіз берілуі үшін жағдай жасалуда. Бүгін де қажеттілікке байланысты халық сумен қамтылғанша су жетікізілетін болады, – деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев.
Уақытша туындағын келеңсіздікке халық та түсіністікпен қарауда.
– Әрине, үйімізге келіп тұрған судың айырылғаны қиындық тудырды. Дегенмен, әкімдікиің қоңырауымызға үн қатып, су жеткізуді ұйымдастырғанына ризамыз. Кеше жеке кәсіпкер өз құдығынан су алуға мүмкіндік берді. Ал бүгін үйіміздің жанына су көлігі келіп тұр. Судан тапшылық көріп отырғанымыз жоқ, – дейді «Айгүл» ауданындағы Матросов көшесі 50-ші үйінің тұрғын Гүлден Ұсабаева.
Апат орын алған аймақтан құбыр сыртына жайылған 5500 текше метр көлеміндегі ағын су сорылған. Мамандардың сөзінше, Деркөлде бұл құбыр осыдан он жыл бұрын, яғни 2009 жылы орнатылған. Дегенмен, шыны пластик материалдан жасалған құбыр сапасыз болып, салдары осындай қолайсыздыққа әкеліп тұр.
– Бүгінде №19А кәріз сорғы стансасы маңындағы құбырды ауыстыру туралы жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, конкурс жарияланды. Мердігер анықталған соң №19 А кәріз сорғы стансасынан кәріз суын тазарту құрылымына дейінгі 7,5 шақырымдық аралық полиэтилен материалды құбырға ауыстыралатын болады. Жоба құны – 3 млрд. теңге көлемінде, – деп толықтырды Миржан Жанғазыұлы.
Қазіргі уақытта «Батыс су арнасы» ЖШС жұмысшылары апатты жою жұмыстарын аяқтай келді. Істен шыққан құбырдың орнына уақытша металл құбырлар орнатылуда.
– Апатты жою жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгін кәріз жүйесі іске қосылады. 6 метрлік құбырды ауыстырдық. «Батыс су арнасының» жұмысшылары екі тәулік бойы үздіксіз жұмыс жасады. 12 техниканы жұмылдырдық. Кешке дейін жұмысты аяқтауды көздеп отырмыз, – деді «Батыс су арнасы» ЖШС-ның кәріздік жүйелер және құрылысы қызметінің басшысы Талғат Мүсілімов.
Кәріз құбыры жалғанысымен, яғни бүгін тұрғын үйлер мен нысандарға су берілетін болады.


Еске сала кетейік, 29 мамыр күні кешкісін Деркөл елдімекені аумағындағы №19 А кәріз сорғы стансасы маңындағы құбыр істен шығып, ірі апат орын алған болатын.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу