8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2019 1670 0
Өзек

ОРАЛДА 60 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН СУСЫЗ ОТЫР

Орал қаласының 60 мыңнан аса тұрғыны «бір қасық суға» зәру. Себебі қаладағы шайынды су ағатын кәріз құбыры жарылған. Ал істен шыққан коллектор 2009 жылы салынған көрінеді. Осы орайда бүгін Орал қаласының әкімінің орынбасары Сергей Доля БАҚ өкілдеріне ақпарат берді. Дегенмен, мәселенің қашан және қай кезде шешілері әлі де беймәлім. 

Кеше кештен бері дүңгіршектерден суды литрлеп сатып алып жатқан  тұрғындардың қарасы қалың. Тіпті су сатып алуға келгендердің саны жоқ десе де болады. Солардың бірі қалмыздағы 6-шағын ауданның тұрғыны Ольга Николаевна кешеден бері бір ұрттам суға зар болғанын айтады.

– Су жоқ. Мына баклашканы көріп тұрсыз ғой. Осымен  сатып алып жатырмыз. Тіпті тамақ пісіретін су болмай қалды. Коллектор істен шыққан дейді. Қазір тағы да  кезекте тұрмыз. Су тоқтайтыны туралы ақпаратты ерте айту қажет еді. Мәселен, мен әлеуемттік желіге тіркелмегенмін. Сол себепті ақпарат маған өте кеш жетті. Сатып алған су қашанға жетеді, – дейді зейнеткер.

Кешеден бері көрген қиындығын тұрғындар айтып тауыса алар емес. Үйге келіп тұрған қара судың қадірін олар енді түсінгендей. Мамандардың сөзінше, кеше кеште Деркөл кентінде №19 А кәріз сорғы стансасы маңындағы құбырдың тесілуіне байланысты ірі апат орын алған.  Нәтижесінде 120 мыңға тарта оралдық сусыз қалды. «Батыссуарнасы» ЖШС мамандары жер астында 7,5 метр тереңде жатқан құбырдың диаметрі шамамен 800 мм көлемінде тесілгенін айтады. Қазір апат болған жерде серіктестіктің 70 адамы мен 39 техникасы құбыр сыртына жайылған лас суды тазалауға бар күшті салуда. Қала әкімдігінің өкілдері апаттың салдары кем дегенде үш күнде қалпына келтіріледі дейді.

–  Кеше қаланың солтүстік-шығыс аумағы, Зачаганск кенті мен қала орталығының бірқатар аудандарындағы тұрғын үйлерде ыстық және суық су уақытша тоқтатылды. Түнде Зачаганскіде қайта су берілді. Қазір шамамен 60 мыңдай тұрғын сусыз отыр. Арнайы құрылған комиссия бүгінде апаттың неден болғанын анықтауда. Бірнеше су тоқтаған нысандар мен тұрғын үйлерге су тасымалы ұйымдастырылуда. Бір де бір мектепке дейінгі білім беру ошақтарының жұмысы тоқтаған жоқ. Коллектордың ұзындығы 7,5 шақырымды құрайды. Құбырды ауыстыруға байланысты жобалық-сметалық құжат дайын.  Көп ұзамай  конкурс арқылы мердігерді анықтаймыз. Құбыр кезең-кезеңімен жаңғыртылатын болады, – деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Сергей Доля.

Осыдан 10 жыл бұрын мамандар осыған дейін пайдаланылып келген темір құбырдан бас тартып, әйнекпластик материалдан жасалған құбырды орнатқан болатын. Содан бері осы құбыр бірнеше мәрте істен шығып, зардабын қарапайым халық көруде. Өйткені салынған кезде бұл маңда қозғалыс аз, ғимараттар да сирек болған. Қазір «Батыс су арнасы» мекемесінің қызметкерлері апатты жою үшін тәулік бойы жұмыстануда. Қаланың су жоқ аудандарына су жеткізу шаралары ұйымдастырылып, аталған жерлерде қазіргі уақытта су таратылып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, су жеткізу шаралары кешкі 23.00-ге дейін созылады. Бүгін төмендегі мекенжайларда тұрғындарға су жеткізілуде:

  1. Д. Қонаев шағын ауданы («Жеңіс» базарына қарама-қарсы»)
  2. 4 шағын аудан («Манасян» кафесінің жанында»)
  3. 5 шағын аудан (№5 үйдің жанында)
  4. 9 шағын аудан («Сәтті» дүкенінің жанында)
  5. 7 шағын аудан (№2 көшеде)
  6. «Строитель» шағын ауданы (Циолковский көшесіндегі № 10 үйдің жанында.)
  7. «Солтүстік-Шығыс» шағын ауданы («Олимп» маңы)
  8. «Айгүл» шағын ауданы (Ватутин-Чуйков көшесінің қиылысында, № 16 ЖОМ жанында)
  9. Ларин көшесі №1 «дәріхана» маңы
  10. «Ет комбинаты» ауданы (№2 маршруттың соңғы аялдамасы).

Дегенмен сала мамандары жағдай әбден тұрақталғанша тұрғындарға суды көбірек жинап алуға кеңес береді. Өйткені, уақытша коллектор іске қосылғанға дейін су әлі тоқтатылуы мүмкін.

 

Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
79 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
124 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
429 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
438 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
567 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
867 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
961 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1200 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1466 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1694 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1732 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1881 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2078 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2300 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»