8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2019 1833 0
Қоғам

С.ҒҰБАШЕВА: «ЕЛ-ЖҰРТПЕН БІРГЕ АВТОРДЫҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІК»

20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Мағжан Жұмағалиевтың режиссерлығымен сахнаға шығарылған туындыда Тасқала ауданындағы мәдениет үйінің қызметкері Саягүл Ғұбашева Науаттың көршісі Ибаны  сомдады. 

– Кез келген ауылда, көшеде пыш-пыштап өсек айтып, әр іске тұмсығын сұғып жүретін әйелдер  бар. Қойылымдағы менің кейіпкерім осындай көрші. Бұған дейін ауылдық Мәдениет үйінде жұмыс жасап, қаңтар айында аудан орталығына ауысып келген едім.  Сол уақытта  «Ар азабын» қоюға дайындық жүріп жатыр екен.  Рөлдер бөлініп қойғандықтан,  Иба апай болдым.  Режиссердің айтуы бойынша өте пысық, зыпыңдаған, бәріне қызығушылық танытып жүретін, оны өзгелерге жеткізуге асығатын әйелдің бейнесін сомдадым. Бұл үшін жеңгейлердің, апайлардың кейпін алдым.  Сахнадан соң өзімді одан бетер жеңіл сезіндім. Себебі, ел-жұртпен бірге автор Мира Шүйіншәлиеваның алғысына бөлендік,  – дейді театрды тәрбие бесігі деп санайтын Саягүл Мақсотқызы.

Жазып алған: Е.АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»