8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қазан 2021 1211 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2001 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

22 қаңтар. Облысқа ҚР және РФ Батыры, ұшқыш-космонавт Талғат Мұсабаев, Космостық зерттеу институтының директоры, академик Өмірзақ Сұлтанғазин, «ҚазЭйрУЭСТ» ЖАҚ-ның бас директоры Вячеслав Чапурин жұмыс сапарымен келді. Олар облыс активімен, БҚМУ-дың ғалымдары және студенттерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар Талғат Мұсабаевтың космостан түсірген фильмін тамашалады.

11 наурыз. Орал қаласына ҚРның халық әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Әлем әртісі» атағының иегері, Ұлттық музыкалық академиясының ректоры, белгілі скрипкашы Айман Мұсаходжаева келді. Оның облысқа сапары ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мәдени бағдарлама шеңберінде өтті.
12 наурыз. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын және журналист Жанғали Нәбиуллинге «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Ол облыстың, соның ішінде Орал қаласының қоғамдық өміріне белсене араласқан жан.

2 сәуір. Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің өмірге жолдама алғанына отыз жыл толды. Соған орай оралдықтар «Қазақстан» кинотеатрында фильмнің басты рөлдерін сомдаған актерлар, жерлесіміз Меруерт Өтекешевамен және Құман Тастанбековпен кездесті.

27-28 маусым. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Лондон қаласына барып, Қарашығанақ жобасын Біріккен басқару комитетінің кезекті мәжілісіне қатысты. Бұдан бұрын өнімді бөлу туралы Негізгі келісімге сай облыс жыл сайын әлеуметтік салаға 10 млн. доллар алып келсе, осы мәжілісте оған қосымша 5 млн. доллар бөлу туралы шешім алынды. Ол қаржы облыс орталығын абаттандыруға, қайта жаңғырту жұмыстарына жұмсалады. Осыған байланысты облыс жыл басында «ҚПО б.в.»-дан 10 млн. долардың орнына 20,4 млн. доллар қаржы алды.

30 қазан–1 қараша. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен Орал қаласында қазіргі жаңарған қоғамда әдебиеттің рөлі және рухани байланыс мәселелері мен евразиялық проблемаларды талқылауға арналған Қазақстан және Ресей жазушыларының кездесуі болды. Осы шара шеңберінде татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Оның ашылуында Татарстан жазушылар одағының төрағасы Ф.Галимуллин, Ресей делегациясының мүшесі, «Дружба народов» журналының редакторы А.Эбаноидзе, Қазақстанның халық жазушысы Қ.Мырза Әлі, облыстық жазушылар одағы ұйымының төрағасы А.Бектұрғанов, Орал қаласындағы Ғ.Тоқай орталығының жетекшісі, профессор Р.Абузяров және басқалары сөйледі.

6 қараша. Орал қаласындағы №36 орта мектептің ауласына Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың 75 жылдық мерейтойына орай ескерткіші орнатылды. Оның ашылу салтанатына жары Саида Ықсанова, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, М.Ықсановтың әріптесі Мансұр Ғизатуллин қатысты.

13 желтоқсан. ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай мұз сарайы, Зашаған ауылында №30 орта мектеп салынып, пайдалануға берілсе, облыстық аурухананың консультативтік-диагностикалық емханасы күрделі жөндеуден соң қайта ашылды. Сондай-ақ италияндық «Ренко» фирмасының қонақүй кешені іске қосылды. Бұл нысандардың ашылу салтанатына облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрі Қасымжомарт Тоқаев қатысты.

жалғасы бар.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
80 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
294 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
782 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1159 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1085 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1519 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2134 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2302 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2308 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2357 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2361 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2001 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2843 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2896 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2893 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3501 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3472 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3460 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3439 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3600 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3646 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»