«JAIYQ FILM FEST» САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
Оралда «Қала күні» мерекесі аясындағы «Jaiyq film fest» фильмдер фестивалі салтанатты түрде ашылды. Фестиваль қатысушылары мен қазылар құрамы, шақырулы қонақтар, ұйымдастырушылар жұртшылықтың қошеметімен қызыл кілеммен жүріп өтті.
Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Фестивальдің ашылуымен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады.
– Бүгін Ақ Жайық толқып, Орал гүлдеп тұр. Пандемия бізді рухани тұрғыда аш қалдырғаны рас. Ал енді міне, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Оралда мәдени шараның басы-қасынан табылып отырмыз. Еуропа мен Азияның ортасында – Жайық өзені жағасында өтіп жатқан бұл фестиваліміздің дәстүрге айналып, халықаралық деңгейдегі беделі жоғары шараға айналады деген сенімдемін. Кинофестивальдің өңірде өтіп жатқан қазақ кино өнерінің жаңа белеске көтерілуінің айғағы десек болады, – деді Бақытжан Нарымбетов.
Қала басшысы Абат Шыныбеков фильмдер фестивалін ұйымдастыру идеясын қолдаған шара ұйымдастырушыларына зор алғысын жеткізді. Сондай-ақ өткен жылы «Қыз Жібек» киносына жарты ғасыр толғанын, ал биыл қазақ Қыз Жібегінің өзі мерейлі 70 жасқа толғанын атап, Меруерт Өтекешованың иығына камзол жауып, Жайық елінен естелік сый мен алғыс хат табыс етті.
Фестиваль Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Конокрады.Уақыт жолдары» фильмінің тұсаукесерімен ашылды. Актер-әнші Олжас Абай әнін тарту етіп, актриса Алтынай Нөгербек, актер Рамазан Амантай мен актриса Дариға Бадықова фестивальдің ашылуына орай сахна төрінде лебіздерін білдірді.
Кинофестивальге 100-ден астам өтінім түскен. Қазылар құрамы өз жұмыстарын бастап кетті. Олар екі күні ішінде іріктеуден өткен 30 фильмді қарап, үздіктеріне таңдау жасайды.
Қысқа метражды фильмдер бойынша кино және театр актрисасы, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері Меруерт Өтекешова, кино және театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгербек, режиссер-сценарист Ерлан Нұрмұхамбетов, актриса, «Канн» фестивалінің жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова, продюсер, сценарист, режиссер Жеңісхан Момышев қазылық етеді.
Қысқа метражды деректі фильмдер бойынша үздіктерді танымал кино оператор, продюсер Талғат Тайшанов, «Aqjaiyq» телеарнасының директоры Асланбек Ғұбашев, продюсер-сценарист, көптеген деректі фильмдердің режиссері Айгүл Черендинова анықтайды.
Жүлдегерлер 10 аталым бойынша марапатталып, фестивальдің арнайы статуэткасына ие болмақ.
Еске сала кетейік,«Jaiyq film fest» деректі және қысқа метражды фильмдер фестивалін Орал қаласы әкімдігі және «Qaiyr» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру


Пікір үстеу