8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2021 1652 0
Қоғам

КИНО ӨНЕРІНІҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ ОРАЛҒА КЕЛДІ

Бүгін, 16  қыркүйек күні Оралда «Қала күні» мерекесі аясындағы басты шаралардың бірі «Jaiyq film fest» фильмдер фестивалі басталды. Фестивальге белгілі режиссерлар, продюсер-сценаристер мен актерлар арнайы шақырылған. Шара қонақтарын қала әкімі  Абат Шыныбеков қабылдады.

– Еліміздің мәртебесін мәдениет саласында, оның ішінде киноиндустрияда көрсетіп жүрген танымал тұлғаларлың  Орал өңірінде  жиналуы  біз үшін зор қуаныш. Жылдағы дәстүр бойынша қыркүйек айында «Қала күні» өткізіліп келеді. Өткен жылы шаралардың 90 пайызы онлайн форматта өтті. Пандемия жағдайында өмір сүруге  бейімделіп, биыл карантиндік шектеулерді сақтай отырып, шаралар ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысы атап өткендей, экономиканы көтеруде, әлеуметтік саланы, мәдениетті дамытуда жұмыстануымыз қажет. Осы ретте алғашқы халықаралық фильмдер фестивалін өткізуді жоспарлаған едік. Фестивальдің  мақсаты – жас режиссерлерді, актерларды көтеру, кино шеберлерімен бір алаңда бас қосуына мүмкіндік жасап, тәжірибе алмасу. Біздің бастамамызды қолдап келгендеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз,  – деді  кездесуде  қала басшысы Абат Шыныбеков.

Биыл Оралда  балалар театры  ашылды, қазіргі  уақытта жақсы бастамалармен жұмыстануда.  Жастар мәдениет үйі  жанынан ашылған қоғамдық театр да алғашқы туындыларын ұсынды. Кино өнеріне  ықылас танытқан оралдықтар  үшін киноклуб жұмысын бастаған болатын. Абат Абайұлы осындай бастамалардың бұдан әрі  жандануына аталмыш фестивальдің  оң әсері боларына сенім білдірді.

Орал қаласы – тарихқа бай, ғалымдар мен өнер майталмандары шыққан өлке. Осыдан 51 жыл бұрын Оралда «Қыз Жібек» кинофильмі түсірілді. Басты рөлді  сомдаған Меруерт Өтекешова – Жайық өңірінің  тумасы. Меруерт Қаратайқызы осы фестивальдің басты қонағы әрі фестиваль қазылар алқасының төрайымы. Мәртебелі  мейман Жайық жеріндегі, Қыз Жібектің еліндегі фильмдер фестивалінің дәстүрлі шараға  айналуына тілекші екенін жеткізді.

– Кино – үлкен әлем. Мұндай фестиваль жастар үшін өте қажет. Біздің тарихымызды бұрын түсірілген деректі, көркем киноларды көру арқылы біледі. Актерларды  таниды, сол қоғамның өмір сүру жағдайын біле алады. Бүгінгі кинолар мен бұрынғы туындыларды салыстырсақ, үлкен айырмашалықты байқаймыз. Қазіргі  жастардың көзқарасы бөлек. Өмір бір орында тұрып қалмайды. Сондықтан түсіне білуіміз керек, қабылдауымыз керек, – деді  Меруерт Қаратайқызы.

Фестиваль қонақтарының  қатарында кино және театр актрисасы, Құрмет және Парасат ордендерінің  иегері Меруерт Өтекешовамен қатар, режиссер-сценарист Ерлан Нұрмұхамбетов, продюсер-сценарист, көптеген деректі фильмдердің режиссері Айгүл Черендинова, танымал  оператор, продюсер Талғат Тұрғанбайұлы, продюсер, сценарист, режиссер Жеңісхан Момышев, актриса, «Канн» фестивалінің жүлдегері, Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова, кино және театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгербек, актриса Дариға Бадықова бар.

Кездесуде қонақтарға фестиваль үшін арнайы әзірленген сыйлықтар ұсынылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
279 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
541 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
781 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
816 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
970 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1165 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1401 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1484 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1592 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1603 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1631 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1637 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1740 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1959 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2268 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»