8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2021 1634 0
Қоғам

ФИЛЬМДЕР ФЕСТИВАЛІНЕ 100-ДЕН АСТАМ КАРТИНА ТҮСТІ

Оралда «Қала күніне» орай ұйымдастырылып жатқан «Jaiyq film fest» фильмдер фестиваліне 8 елден жалпы 100-ден астам жұмыс түскен.  Фильмдер қысқа метражды және деректі фильмдер бағыттары бойынша қаралады.

Байқауға  Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Франция, Белорусь елдерінің үміткерлері жұмыстарын ұсынған. Ұйымдастырушы Алпамыс Шәрімовтың айтуынша, түскен өтінімдердің  ішінде  іріктелген 30 жұмыс көрсетілмек. Байқауға түскен кинолар әр түрлі: алғаш рет ұсынылғандар және биылғы «Канн» фестиваліне қатысқан туындылар, Қазақ ұлттық өнер уиверситеті, Тұран университеті, Жүргенов университеті студенттерінің жұмыстары бар. Сонымен қатар оралдық Аманат Рзағалиевтің «Нағашымның әңгімесі», Жасқайрат Валиуллиев пен Бұлбұл Сапарғалиеваның «Қоңырау» картиналары жүлдеден үмітті.

Фильмдер фестивалі аясында режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Конокрады» фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл фильмнің таныстырылымы 2018 жылы Канн фестивалінде өткен болатын. 2019 жылы Пусанда халықаралық кинфестиваль осы фильммен ашылып, қазіргі  уақытта Францияда прокатқа шыға бастады. Ал Қазақстанда тұңғыш рет Оралда көрсетілмек.

Сондай-ақ осы фильмдер фестивалі  аясында бүгін республикалық «Jas tolqyn» журналының тұсауы  кесілді. Кино және телевидениеге арналған жаңа журналды  құрылтайшысы  Талғат Тайшанов таныстырды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
112 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
168 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
234 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
266 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
311 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»