ОРАЛДА ЕЛІМІЗГЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ МАРАТ СҮНДЕТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 24 қыркүйек күні Орал қаласында грек-рим күресінен Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушысы Жұмашев Марат Сүндетұлы атындағы спорт кешені ашылды. Жеке инвестиция есебінен салынған нысанның ашылуына қала әкімі А.Шыныбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, Марат Сүндетұлының жары –Нұрзипа Хангерейқызы мен ұрпақтары және шәкірттері қатысты.

Бұл нысан – оралдық кәсіпкер, грек-рим күресінің балуаны, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Мұрат Жұмашевтың шәкірті Төлеген Досболатовтың жеке қаржысына салынған. Даму келешегі зор қаланың солтүстік-шығыс ауданынан салынған спорт кешенінде грек-рим күресінен жаттығу өткізуге басымдық берілмек. Сондай-ақ аумағы 35х17 метр болатын футбол, волейбол, баскетбол ойындарына арналған зал бар. Әрқайсысы 50 адамдық киім ауыстыру бөлмесі, душ бөлмесі бар. Жаттығушылардың жеке заттары мен киімдері үшін құлыпталатын сөрелер қойылған. Нысанда бір мезетте 100 адам жаттыға алады.
Қала басшысы Абат Шыныбеков Орал қаласының күніне орай апта бойы әр түрлі әлеуметтік, экономикалық іс-шаралар жоспарланғанын атап өтіп, соның ішінде «Қала күніне» тарту жасаған кәсіпкер Төлеген Досболатовқа ризашылығын жеткізді.
– Шаһардың солтүстік-шығыс ауданы алып құрылыс алаңына айналды. Бұлардың бәрі осы ауданды дамытуға мүмкінлік берер бастама. Мемлекет есебінен тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде коммуникациялық желілер тартылып, әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Болашақта емхана да салынады. Жақында ғана мектеп-гимназияның сәулетті ғимараты пайдалануға берілсе, енді міне патриот азаматтарымыз жаңа спорт ғимаратын ашып отыр. Кәсібінен тапқан қаражатты ұрпақтың саулығы үшін маңызды әлеуметтік нысан салуға жүмсаған азаматтардың ісі өзегелерге үлгі. Басты мақсат – өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтыну ұстануға бағыт беру, әлем, олимпиада чемпиондарын тәрбиелейтін маңызды залға айналу, – деді қала әкімі Абат Абайұлы.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров бұқаралық спортты дамыту мақсатында өңірдегі спорт нысандарының қатарын толықтырған Төлеген Досболатовқа алғыс хат табыс етіп, кешенге спорттық ойын құралдарын ұсынды. Марат Сүндетұлының шәкірті, грек-рим күресінен спорт шебері, ардагер-спортшы Қанат Ғалиев ұстаздың есіміне спорт кешенін ашқан Төлеген Досболатовқа, ата-анасына алғысын айтты. Сондай-ақ Марат Сүндетұлының жары Нұрзипа Хангерейқызы кәсіпкер азаматтың иығына шапан жапты.
Кешен Привольная көшесі 45 мекенжайында орналасқан.
Айта кетейік, сондай-ақ бүгін Орал қаласында жаңа жүгіру жолы пайдалануға беріліп, «Достық» спорт кешені ашылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу