8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қыркүйек 2020 2334 0
Спорт

ОРАЛДА «ДОСТЫҚ» СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 24 қыркүйек күні Орал қаласында «Достық» спорт кешені ашылды. Жеке инвестиция есебінен салынған кешеннің ашылуына қала әкімі А.Шыныбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев және спорт саласы мамандары мен ардагерлері қатысты.  

  

 Кәсіпкер Марат Истаев бұл спорт кешенін салуға өз есебінен 200 млн. теңге жұмсаған. Қос қабатты ғимараттың бірінші қабатында аумағы 800 шаршы метрлік көпфункционалды зал бар, ал екінші қабатта үстел теннисіне арналған зал жабдықталған. Әзірге мұнда фудзал, бадминтон, үстел теннисі бойынша жаттығулар жасауға мүмкіндік бар. Болашақта басқа да бағыттарды дамыту назарда.

–Азаматтарымыздың денсаулығын нығайту мақсатында спортпен айналысуына мүмкіндік жасау үшін спорт кешенін салу көптен ойымызда жүрді. Ыңғайлы орын қарастырдық. Мұнда балалар да, ересектер де жаттығу жасай алады. Ниет танытқандардың бәріне есігіміз ашық,  – деді Марат Рафхатұлы.

Кәспкердің  айтуынша, ересектер айына 3000 теңгеге абонемент алу арқылы аптасына үш мәрте жаттығуға келе алады. Ал балалар үшін жаттығу тегін болмақ.

Бұқаралық спортты дамытуға үлес қосар нысанмен танысқан меймандар жаңа кешеннің жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан спорттық ойын құралдары табыс етілді.

Спорт кешені Х.Есенжанов көшесінің 19/1 мекенжайында орналасқан.

Айта кетейік, бүгін Орал қаласында жаңа жүгіру жолы пайдалануға берілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
157 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
344 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»