ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕ КҮН СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күн станциясы іске қосылды. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, ҚР Энергетика министрлігі және «Шелл» компаниясының өкілдері қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында «Шелл» компаниясы қуаты 100 Квт/сағ. фотоэлектрлік күн панельдерімен жабдықталған арнайы тұрақтар орнатты. Фотоэлектрлік станция күн сәулесін фотоэлектрлік модульдер арқылы түрлендіру арқылы электр энергиясын өндіреді. Олар мектептің жылдық энергия тұтынуының 20% үнемдейді және артық өндірілген электр энергиясын қалалық желіге жіберуге мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев «Мектептерге күн энергиясы» жобасы облыстағы «жасыл экономиканы» енгізуде үлкен қадам екенін айтты. Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова жобаның STEM-білім беруді енгізудегі, оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.
«Шелл Қазақстан» компаниясының Үкіметпен байланыс жөніндегі директоры Бакенова Зарина Абайқызы «Мектептерге күн энергиясы» жобасы жаңартылатын энергия көздері саласында жергілікті компаниялардың біліктілігін арттыра отырып, шағын және орта бизнестің әлеуетін дамытатынын баса айтты.
Бұндай жаңалыққа, әсіресе, физика пәнінің мұғалімі Умырғали Бекешев қуанышты. Ол жобаның оқушылардың жасыл экономика, экология саласындағы шығармашылық идеяларына шабыт беретінін айтады.
– Оқушыларымыздың бұл бағыт бойынша жетістіктері де жоқ емес. Жуырда автобус аялдамаларында энергияны үздіксіз пайдалану жүйесін жасақтаған мектеп түлегі, Назарбаев Университетінің 1-курс студенті Азиз Талапов патент алды, – деп бөлісті Умырғали Мулдашұлы.
Айта кетейік, жоба Энергетика министрлігі, «Шелл» компаниясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы меморандум аясында екінші жыл жүзеге асуда. «Шелл» компаниясынан күн энергиясын Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларындағы Зияткерлік мектептер алған болатын. Ал 2020 жылы осындай станция Алматы және Атырау қалаларында пайда болады.
Салтанатты шарадан кейін жас зияткерлер меймандарға жасыл энергетика, жасанды интеллект, биотехнология салалары бойынша идеяларын таныстырды. Сонымен қатар бұл күні алманың коллекциялық және интенсивті сорттары өсетін экобақтың негізі салынды.

Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Кіру
Пікір үстеу