ӘШІРДІҢ ӘНДЕРІН ӘУЕЛЕТТІ
12 сәуір күні Орал қаласы «Nur Otan» залында Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы ІІ республикалық вокалистер конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Марапаттау шарасы композитордың зайыбы, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың «Көктем келді өлеңдетіп» атты концертімен жалғасты.

Әнші, композитор Әшір Молдағайынов өмірінің соңына дейін қазақ музыка өнерін насихаттауда абыройлы қызмет атқарды. 1993 жылы Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияға әнші болып орналасқан өнер иесінің Батыс Қазақстан өңірі мәдениетінің көркеюіне де қосқан үлесі зор. Әшір ағамыз көшбасшы, көркемдік жетекші ретінде Ақ Жайықтың ән әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Бүгінде оның 300-дей туындысы белгілі болса, бірқатары Жайық жерінде дүниеге келген. Бұл ретте «Жайық таңы» және «Нарын гүлі» атты симфониялық поэмаларын ерекше атап өтуге болады. Сонымен бірге Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Ақұштап Бақтыгереева, Жанғали Набиуллин, Айтқали Нәріков, Ғайсағали Сейтақ және Ботагөз Баймұқанованың поэзиясы оның шығармашылық шабытына дем беріп, қырықтан аса ән мен романс жазылды.

Әнші-композитордың есімін ұлықтау, шығармашылығын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өзі еңбек еткен киелі шаңырақ Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы 2017 жылы Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасында республикалық вокалистер конкурсын ұйымдастыруды қолға алған болатын. Араға екі жыл салып, биыл екінші мәрте республиканың әр түкпірінен жиналған 18 үміткер Жайық жерінде бас қосып, композитордың шығармаларын орындаудан бақтарын сынады. Қатысушылар XIX-ХХ ғасырлардағы Батыс Еуропалық, орыс, қазақ композиторлардың операсынан толық арияларын, Әшір ағамыздың романсын және шығармаларын әуелетті.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері жас ерекшеліктеріне қарай екі топ бойынша анықталды.
Кіші топ, яғни 18-22 жас аралығында Жезқазған қаласынан келген Айбек Абдышимұлы бас жүлдені иеленді.
Бірінші орын ақтөбелік Нұржайнар Әбілхайыроваға, екінші орын Нұр-Сұлтан қаласынан Талғат Аллабiрiновке, үшінші орын шымкенттік Аян Төлеген мен атыраулық Әділ Сұлтанға берілді.

Үлкен топ, 23-27 жас аралығында Қызылорда қаласынан Гүлназ Нағашыбай – бірінші, Нұр-Сұлтан қаласынан Бибігүл Тыныштық – екінші, Орал қаласынан Ақбота Молдағайынова мен Нұр-Сұлтан қаласынан келген Жадыра Абдуллаева – үшінші орынды иемденді.
Қызылорда қаласынан келген Руслан Рызманов, Түркістан қаласынан Мұхтар Ромашов, Семей қаласынан Думан Бақбергенов, Алматы қаласынан Жанна Тынқанова, Өскемен қаласынан Ботагөз Жұмабекова, алматылық Дияр Нұрсұлтанов дипломант атанды. Әділғазы Меңдіғали Алғыс хат және «Вокал Академиясы» РҚБ атынан арнайы жүлдеге ие болды.

Шараның одан әрі жалғастырған өлкеміздің бұлбұл әншісі, табиғи талантымен талай жұртшылықты тамсандырған, ҚР Еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың «Көктем келді өлеңдетіп» концертін көпшілік көтеріңкі көңілмен тыңдап, зор құрмет-қошеметтерін көрсетті.
Кеште Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев Жұмағаным Әбдіхалыққызына облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Осы кешке қатысқан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, профессор Азамат Жылтыркөзов «Вокал Академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан алғыс xат ұсынды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу