8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Сәуір 2019 1649 0
Қоғам

ӨРТКЕ ҚАУІПТІ АУДАНДАР ӘУЕДЕН БАРЛАНДЫ

Әуеден барлау Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше аудан мен Орал қаласы аумақтарында жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысында облыстық өртке қарсы штаб аймақтың өрт қауіпті учаскелеріне аэровизуалды барлау жүргізді. Ұшу Тасқала, Ақжайық, Теректі, Бәйтерек ауданы және Орал қаласы аумақтарында жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысының ормандарында өртке қауіпті маусым 15 сәуір күні жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, осы уақыт ішінде өңір аумағында 684 га алқапта 30 жану тіркелді, олардың барлығы дер кезінде анықталып, ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны азайды. Орман өрттері тұрақты бақылауда.

Көптеген тұрғындар демалыс күндері табиғат аясында су айдындары мен өзен жағалауында уақыт өткізіп, балық аулауға және демалуға шығады. Мұндай уақыт өткізу түрінде көбінесе от жаылады, ал бұл табиғи өрттердің себебі болуы мүмкін.

Жанудың негізгі себептері тұрғындардың отпен абайсыз болуы және құрғақ шөптерді рұқсатсыз жағуы болып табылады. 2018 жылы апта сайын демалыс күндері БҚО ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері БҚО ІІД ЖПҚ-мен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған жерлерде от жағу фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде 486 мың 975 теңге сомаға айыппұл түріндегі хаттамалар толтырды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
20 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
135 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
192 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
256 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
288 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
332 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»