8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2019 2241 0
Қоғам

Президент сайлауы – 2019. Сайлауға 9,4 млрд теңге бөлінеді

Президент сайлауы – 2019. Сайлауға 9,4 млрд теңге бөлінеді

Бүгін Үкімет отырысында Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына байланысты 9,4 миллиард теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады BAQ.KZ

«Кезектен тыс сайлауға қатысты 10 мыңға жуық сайлау учаскелері құрылады. Соның шеңберінде 70 мыңға дейін адам сайлау учаскесіндегі комиссия мүшесі болуға тартылады», – деді Қаржы министрі Әлихан Смайылов. 

Министрдің айтуынша, сайлау комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін 9,4 миллиард теңге бөлінеді.

«Бүгін шешім қабылданды. Жақын арада бөлінеді», – деді ол.  

«Не себепті бөлінетін қаражат қысқартылады?» деген сұраққа министр әр өңір бойынша қанша сайлау учаскесі болатынын есептегендерін айтты.

«Біз әр өңірде неше сайлау учаскесі болатынын, ол жерде қанша адам жұмыс істейтінін анықтадық. Онда сайлаудың басынан аяғына дейін жұмыс істемейтін адамдар бар. Соның бәрін есептеп, осындай қорытындыға келдік», – деді Әлихан Смайылов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
122 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
191 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
230 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
269 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»