8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2021 2038 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Оралда жаңа спорттық туризм базасы пайдалануға берілді. Ашық аспан астында орналасқан туристік кешенде балалар мен ересектердің  уақытты пайдалы, қызықты өткізуіне жағдай бар.

 

Базаны жасақтау үшін бұл аумақ өткен жылы мемлекеттік орман қорынан алынған. Жалпы көлемі – 7 гектар. Орман алқабын бастапқы қалпында сақтау талабымен 10  жылға жалға беріліп отыр.

«Орал» спорт клубының туристік базасы саналатын бұл орында тұрғындардың емін-еркін спортпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Жаяу және экстремалды спортқа арналған  құрал-жабдықтар, серуен құру үшін велосипедтер, қайықтар да табылады. Бұл базада жазғы спорт түрлерімен қатар қысқы спортты дамытуға  көңіл бөлінбек. Ал басты нысан – арқанды саябақ.

Жаңа демалыс орны бір ай ішінде құрылып, тапсырылып отыр. Су тартылып, жарықтандырылған. Спорттық туризмге арналған 18 кезеңді кедергілер орнатылған. Бұл – жобаның бірінші кезеңі бойынша атқарылған жұмыстар. Қалалық дене шынықтыру және спорт  бөлімі басшысы А.Шерғалиевтің айтуынша, екінші кезеңде тұрғындардың ұйымдастырылған орында суға шомылуына жағдай жасау үшін жағалауды дайындау көзделуде.

Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың орны ерекше. Сондай-ақ қала тұрғындарының бос уақыттарын таза ауада өткізуі үшін қолайлы жағдай жасалуының маңызы  зор. Осы мақсатта ашылып отырған жаңа демалыс аумағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарына айналатыны сөзсіз.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
22 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
136 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
193 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
257 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
289 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
333 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»