ОРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ
Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ойлары мен басым бағыттарын іске асыру мақсатында «Ұлт сананың жаңғыруы және Ұлы дала құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.

Конференцияны БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов ашты.
– Елбасымыздың терең мағыналы бағдарламалық мақаласының жарияланғанына – екі жыл. «Рухани жаңғыру» – еліміздің тұрақты дамуына, тәуелсіздігіміздің нығаюына, бірізділікпен өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиеттерін оятуға әсерін берген бағдарлама болды. Тәуелсіздік жылдары Елбасының «алдымен экономика, сосын саясат» деген ұстанымының арқасында экономикалық өсуге көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде межеленген дамыған елу елдің қатарына қосылдық. Ғылыми-зерттеу институттары әр түрлі салаларда еліміздің жетістікке жеткенін дәлелді түрде мәлімдеді. Екіншіден, жаңғыру ретінде конституциялық, демократиялық даму жолын таңдағаннан кейін елдегі саяси өзгерістерді атап өтуге болады. Егемендік алғаннан кейін екі рет конституциямыз қабылданды. Соңғы конституцияда бекітілген барлық биліктің үш тармаққа бөлінуі елдің тұтастығына, экономикалық өсуге, дамуға әкелді. Енді біртіндеп, президенттік-парламенттік мемлекеттік басқаруға жол алып келеміз. Бүгінде сананы жаңғыртуға үлкен мән берілуі бекер емес. Болашағымыз жарқын болуы үшін бүгіннен бастап білімді, білікті тәрбиелі ұрпақты дайындауымыз керек. Осы орайда Елбасымыз жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізгі төрт бағытты қамтиды. Әр бағыты бойынша өңірімізде көптеген шаралар атқарылуда. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында кәсіпкерлер елге жанашырлық танытып, туған жерлерінде әлеуметтік нысандарды қалпына келтірді, жаңасын салды, – деген Ғабидолла Абдоллаұлы туған жерді түлеткен кәсіпкер-азаматтарды көпшілікке үлгі етті. Сондай-ақ, мақалада аталып көрсетілген алты қағидаға тоқталды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы ретінде ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Қазақстан – түркі дүниесінің қара шаңырағы» деп атап, «Түп тамырдан бүгінге дейін» ғылыми жобаны ұсынды. Бұл жоба аясында қандай жұмыстар атқарылуы маңызды? Түркітанушы Мұрат Сабырдың сөзінше, бұл ретте өзіміздің тіліміз бен тарихымызды қайта карауымыз керек. Өйткені, орта ғасырлық түркі жазба ескерткіштері – ұлы дала құндылықтары.
– Биыл Алтын Орданың 750 жылдығы. Мұны Ресей атап өтуді жоспарлады. Алтын Орда ғасыры тарихына қатысты Ресей ғалымдарының тұжырымдары қазір өзгере бастады. Олардың тарапынан «Қазіргі Ресей Алтын Орданың мұрагері» деген тұжырым ұсынылуда. Алтын Орданың мұрагері – қыпшақтар, демек бүгінгі қазақтар. Сондықтан осы ескерткіштердің әдеби, тілдік тұрғыдан зерттелуі – парыз, ғалымдардың міндеті. Өйткені біз, қазақтар – жас ұлт емеспіз. Қазақ тілі – жас тіл емес. Ұлытауда сөйлеген сөзінде Елбасы «бүгінгі қазақтар ұлы ғұндардың, көне түркілердің кейінгі ұрпағы» деген болатын. Сондықтан біз тарихымызды қашанда тереңнен қарастырамыз. Тіліміздің, дініміз бен ұлттық менталитетіміздің тарихы – орта ғасыр ескерткіштері. Сол себепті «Рухани жаңғыру» аясында осындай тұжырымдарды ұсынудамыз. Демек, көптеген еңбектер жазуға мүдделіміз, – дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Бөкенбайұлы.
Оның айтуынша, тілшілер мен әдебиетшілер, тарихшылар ортақ зерттеулерге үн қосуы тиіс. Әсіресе, ұлттың тарихын Тәуелсіз Қазақстан жағдайында еркін көзқараспен қарастыру қажет.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаевтың пікірінше, рухани бай ұрпақтың өкілі ғана елдің, жердің тұтастығын, мемлекеттің мәңгілігін, шын мәнінде ұлттың сақталуын ойлай алады. Өзге адамдардың қолына бұл міндетті атқару келмейтіні анық. Осы бағытта елімізде, өңірімізде, соның ішінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да жоспарлы шаралар атқарылуда. Соның бірі – 2017 жылдың қыркүйеінде университетте «Рухани жаңғыру» институты ашылуы. Институт бағларламалық мақалада көрсетілген бағыттар бойынша жүйелі түрде шаралар ұйымдастырып келеді.
– Қасиетті елдің қадірін білу мақсатында жоспарлы экспедициялар жасалуда. Бірер күн ішінде универсетімізге басқа облыстардан, шетелден келген студенттерді Сырым ауданындағы мұражайлармен таныстыруды жоспарладық. Күні ертең Италиядан көршілес Саратов, Орынбор, Самара облыстары білім ордалары қызметкерлерімен бірге рухани мәселелерді талқылайтын боламыз, – деді Абат Сатыбайұлы.

Конференция барысында баяндама жасағандар ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, қазақ әдебиетіне тереңірек тоқталды.
Конференция жұмысы 12 сәуір жалғасады. Іс-шараға жергілікті оқу орындарымен қатар шетел ғалымдары қатысуда.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу