8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2020 1697 0
Қоғам

ЭКСТРЕМИСТІК МАТЕРИАЛДАР ЖАРИЯЛАҒАН ЖЕТІ АДАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

2019 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша діни қарым-қатынастар саласында 16 заңбұзушылық фактілері тіркелген. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтылды.

Заңбұзушылықтардың төртеуін  Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы анықтаған. 12 іс БҚО полиция департаменті  тарапынан қозғалған. Биылдың өзінде полиция департаменті 2 әкімшілік құқық бұзушылық істі анықтап үлгерді.

– «Інжілдік-мәсіхші баптистері Одағына» тіркеусіз миссионерлік қызметті жүргізіп отырғандары үшін үш мәрте және діни әдебиетті рұқсатсыз таратқандары үшін бір рет әкімшілік хаттама толтырылды.  Сондай-ақ  ҚР аумағында тыйым салынған экстремистік материалдарды өз әлеуметтік парақшаларында орналастырғаны үшін 7 жеке тұлғаға айыппұл салынды, – дейді БҚО дін істері басқармасының бас маманы Жәнібек Мұқателов.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 453-бабы 2-тармағында көрсетілгендей, ҚР аумағында тыйым салынған экстремистік материалдарды жариялаған жеке тұлғаға 20, лауазымды 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Басқарма өкілі бұл бағытта қоғамда түсінік жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілер бақылауға алынғанын жеткізді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
121 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
64 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
301 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»