8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2026 359 0
Қоғам

Ұмытылмас ерлік

Батыс Қазақстан облысында Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті.

Жиналғандар алдымен Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, апат зардабын жоюға үлес қосқан жандардың рухына тағзым етті.

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті аймақта жұмыс істеген мыңдаған азамат өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, апаттың зардабын азайтуға үлес қосты. Олардың жанқиярлық еңбегі – азаматтық борыштың, ерліктің және жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Бүгінгі шараның басты мақсаты – Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігін ұлықтау, олардың еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі ету және тарихи жадыны жаңғырту.

Шара барысында ардагерлер облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің, қала әкімі Мұрат Байменовтің Алғыс хаттарымен, сондай-ақ «БҚО Чернобыль АЭС ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар өмірден өткен ардагерлердің жұбайларына құрмет көрсетілді.

Чернобыль апатын жоюшылардың ерлігі – уақыт өтсе де ұмытылмайтын батылдық пен ел алдындағы адал қызметтің үлгісі. Мұндай шаралар бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, ерлік пен еңбекті бағалауға үндейді.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
247 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
286 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
323 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
522 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»